home
home home

Тұрақтылық – болашақтың кепілі

Тұрақтылық – болашақтың кепілі

 

14 маусым күні Тараз қалалық Достық үйінде «Тұрақтылық пен бірлік – әлеуметтік бірлік және жаңғыру кепілі» атты Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы болып өтті. Ауданнан сессияға аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, бөлім басшылары және этномәдени бірлестіктердің төрағаларынан құралған 8 делегат қатысты.

Айта кетсек, Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өз құрамына 87 этнос өкілдерін, 75 этномәдени бірлестікті, 177 қоғамдық кеңесті, 55 аналар кеңесі мен «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аумақтық филиалын біріктіріп отыр. Төрағаның орынбасары, облыстық хатшылықтың меңгерушісі Маржан Қожаеваның айтуынша, өңірімізде тілді, салт-дәстүрді дамыту үшін жергілікті бюджеттен 22,5 миллион теңге бөлінген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қарасты «Туған жер» жобасының аясында этностар мәдениеті зерделеніп, халық қолөнеріне қолдау көрсетілуде. «Жаңғыру жолы» республикалық жас-тар қозғалысы аумақтық филиалының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жұмысын айта кеткен жөн. Екі жылға жуық жемісті қызмет атқарып келе жатқан штаб құрамына этномәдени бірлестіктердің жастары мен білімгерлер қауымдастығы кіреді.

Қолөнер бұйымдарының өндірісін дәріптеуге бағытталған «Ұлы дала құндылықтары» жобасы бойынша экспедиция ұйымдастырылып, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің шығармашылығы туралы 10 бейнебаян түсіріліпті. Жоба басшысы В.Майкович жақында ауданға келіп, Сарыбұлақ, Қордай, Масанчи, Сортөбе ауылдық округтерін аралауды жоспарлап отыр. Бұл жоба этномәдени бірлестіктермен тығыз байланыста жүзеге асырылмақ.

Қайырымдылықты қолға алған Қазақстан халқы Ассамблеясы бес жылдан бері 90 мыңнан астам отбасыға 1 млрд. 63 млн. теңгеге көмек көрсеткен. Жыл сайын жомарт жандар мен меценаттар форумы өткізіліп тұрады.

Осы орайда, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға баспана сыйлаған жерлесіміз, меценат С.Салыбаевқа көпшіліктің алғысы зор. Сондай-ақ, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткері, кәсіпкер Л.Буларов пен аудандық мәслихат депутаты Т.Апаева әлеуметтік көмек көрсетуде алдына жан салмайтын азаматтар.

Іс-шара барысында гофрленген картон және тыңайтқыштарды өндіру сынды қос бірдей жастардың старт-ап жобасы ұсынылды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов аталмыш бастамалардың өңірдің дамуына сөзсіз септігін тигізетінін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.