home
home home

Тұңғыш Президентті мақтан тұтамыз!

Тұңғыш Президентті мақтан тұтамыз!

 

Кеше, 19 наурыз күні Қазақстан Републикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатқаны жөніндегі хабарды естіп, көңіліміз жабырқап қалғаны жасырын емес. Тәуелсіздік таңы атқалы халқымызды тек жарқын болашаққа, кемел келешекке жетелеп, мемлекеттің дамуы жолында аянбай тер төккен Нұрсұлтан Әбішұлының егеменді елеміздің аяғынан тік тұрып, әлемдік аренадан ойып тұрып орын алуында сіңірген еңбегі орасан.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде ол отыз жылда тарихи маңызы мол шешімдер қабылдап, алпауыт мемлекет басшыларымен таразы басын теңестірді, ел экономикасын еселей дамытып, әлеуметтік күрмеуі күрделі мәселелерге ден қойды. Қазақстан күллі әлемге бейбітшілік пен тыныштықты ту еткен мемлекет ретінде танылды. Әлемдегі озық дамыған 50 елдің қатарына ені, 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы әзірленді.   Президенттің бастамасымен маңызды мәселелердің бірі – шекарамыз мыңымдалып, елдегі билік сабақтастығы конституциялық тұрғыдан реттелді. Тізе берсек, үш онжылдықта атқарылған ауқымды шаруалар көп. Ал, оның әрқайсының астарына бойлап қарасақ мұның ешқайсы да оңай шаруа емес. Тек адал еңбектің, білгірлік пен біліктіліктің күшімен келетін дүние, әрине.

Осы сәтті пайдалана отырып, дара тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бүкіл аудан жұртшылығы атынан мемлекеттің игілігі үшін жасаған әрбір жақсылығы, халыққа көрсеткен әрбір қамқорлығы, ел басқарған әрбір күні үшін шексіз алғысымды білдіремін! Біз Тұңғыш Президентімізді мақтан тұтамыз!

 

                                             Әлімбет Біржан Әбдікерімұлы

Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.