home
home home

«цифрлы қазақстан» Ауқаттыға кеңжолақты интернет жетті

 

 

Ауқатты ауылы интернетке қосылып көзайым болуда. Алдымен ауылдың медициналық мекемесі, мектеп пен әкімдік, полиция пункті жалғанған. Кеңжолақты интернет қызығын көргендердің алғашқысы ауылдағы №9 орта мектеп болды. Интернет жылдамдығының жоғары болуынан білім қызметкерлері өздеріне қажетті сайттарға жылдам кіріп, барлық қажетті ақпараттарды алумен қатар тікелей интернетпен байланысты өздерінің күнделікті қызметтерін сапалы атқаруда. Ұстаздар қауымы ендігі жерде «Kundelik.kz», «Daryn.online», «Bilimland.kz» платформаларына еркін кіріп, жұмыстарын жандандыра алады деген сөз. Бұл оқу процесін ұйымдастыруға, ұтқырлығын арттыруға үлкен көмек болып отырғаны анық. Ал, медицина қызметкерлері кеңжолақты, жоғары жылдамдықпен берілетін интернет арқылы науқастарды дәрігерге тіркеу және өзге де желі арқылы іске асатын жұмыстарын жеңілдетуге мүмкіндік алған. Жалпы медициналық қызмет көрсетуде жақсы өзгерістер Ауқаттыда орын алады деген сөз. Ал, ауылдық әкімдік қызметкерлері   «еgov», «е-Халық», «е-қызмет» сайттарына еркін кіріп, халыққа қызмет көрсетудегі жұмыстары жеңілдей түспек.

Осының барлығы елімізде, оның ішінде біздің аймағымызда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының сәтті іске асып жатқанын көрсетеді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.