home
home home

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Қордай аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476 бабы 3-тармақшасы бойынша (төтенше жағдай режимiн бұзу) А. есімді азаматшаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Нақтырақ айтсақ, құқықбұзушылыққа жол берген азаматшаның Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 15 наурызындағы Жарлығының негізінде жарияланған төтенше жағдайдың тәртібіне бағынбай, мемлекеттік орган белгілеген талаптарды қасақана орындамағаны анықталды. Яғни, ол 27 наурыз күні ел аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты карантиндік стационарда бола тұра, Қордай ауылындағы Covid-19 зертханалық тексеру жүргізуге арналған карантиндік стационардан өз бетімен шығып кеткен.

Сот отырысында А. есімді азаматша өз кінәсін толықтай мойындап, істеген іс-әрекетіне өкінетінін білдірді. Сот қаулысымен ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476 бабының 3-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, оған 26510 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.