home
home home

Терроризм актісі

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273 бабына сәйкес «Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде басбостандығын шектеуге не сол мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланады».

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдайларда адамдар арасында абыржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің, кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын бұзады. Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тойтару үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мәжбүр болады. Осыған байланысты бұл қылмыстың тікелей объектісі – қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Объективтік жағынан қылмыс адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға өзге де қауіпті зардаптардың болуы қаупін тудыратын жарылыс, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттердің дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлау әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Хабарламада тұрғын-жай, қоймаларға, көлікке немесе басқада объектілерді жаратын немесе жандыратын кондырғылар қойылғаны туралы айтылады.

Хабарлама жасаудың тәсілі сан қилы (ауызша, жазбаша, телефон арқылы) және т.б. болады.

Қылмыстық жауаптылықтың басты шарты – жеткізілген хабарламалардың шындыққа сай емес, көрінеу ойдан шығарылғандығы, жалғандығы болып табылады.

Қылмыс құрамы формальдық, сондықтан ол заңда керсетілген органдардың немесе адамдардың көрінеу жалған хабарлама алған уақытынан бастап аяқталған деп саналады.

Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудын қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді, бірақта соны тілеп әрекет жасайды. Қылмыстық ниет сан түрлі болуы мүмкін. Көп жағдайларда мұндай әрекет бұзақылық ниетпен істеледі, ал кейбір реттерде кек алу, жұмысты немесе оқуды болғызбау ниетімен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі – жалпы, жасы 14-ке толған кез келген азамат..

Жергілікті халықтың назарына, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген тұлға құқық қорғау органдарында бар замануи техникалық мүмкіндіктері арқылы тез арада анықталып құрықталады. Сонымен қатар, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тойтару үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мәжбүр болып, материалдық шығынға ұшырайды. Кейін аталған қаражатты (жедел медициналық жәрлем, өрт сөндіру мен апаттан құтқару қызметтерін, жедел тергеу топтары мен арнайы жасақтарды шақырту мен жұмыс істеуі) соттың шешімімен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген тұлға қайтарады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта