home
home home

Тәртіп сақшылары марапатталды

Тәртіп сақшылары марапатталды

Өткен аптада Қазақстан Полициясы күні аудандық Мәдениет үйінде кең көлемде аталып өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангозов, аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов қатысып, мереке иелеріне жылы лебіздерін жеткізді.

Осы күні тәртіп сақшылары таң азанмен аудандық полиция бөлімі ғимараты АІІБ алдында сап түзеп, қызмет барысында қаза тапқан әріптестерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Осылайша, ескерткішке гүл шоқтарын қойған олар Мәдениет үйіндегі салтанатты шараға қатысты. Жиын барысында аудан әкімнің жылы лебізін жеткізген Бейқұт Жамангозов полицейлерді төл мерекелерімен құттықтай келе, ел тыныштығын күзетуде аянбай тер төгіп жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Тарқатып айтсақ, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен полиция капитаны Рауан Өскенбаев және Надежда Тучкова марапатталды. Ал, полиция майорлары Бауыржан Солтанбаев пен Ардақ Әміребек, полиция капитандары Алишер Түймен, Мадияр Анықбаев, Бақыт Өмірзақов, Руслан Қожахметов және полиция аға лейтенанттары Рауан Аяпберген, Дармен Алимбаев, полиция аға сержанты Серік Өскенбаев, полиция кіші сержанты Ислам Абайбеков және полиция кіші лейтенанты Берік Теміржановқа аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

Осыдан кейін сахна төріне аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов шығып, жиылғандарды төл мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, ол өз кезегінде полиция капитаны Ерік Орынтай мен Шаниса Цвелодубованы мәслихат хатшысының Құрмет грамотасымен марапаттады. Ал, арнайы Алғыс хатпен Саят Мыңжасаров, Бахтияр Жалалдинов, Медет Мұрат, Әділет Ынты, Татьяна Журавлева, Жасұлан Қадырқұлов, Ардақ Жүнісбай, Азат Хасенов, Санжар Қапаров, Азат Әбдінәсім, Жанболат Бекбасунов, Бауыржан Манап, Айбек Базилбаев, Қуаныш Қанатов және Дархан Маңқұл марапатталды. Сонымен қатар, тілек білдірушілер төріне полиция ардагері  Игорь Балобойкин мен аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Азамат Айхимбеков шығып, ұжымдастарын атаулы күнмен құттықтай келе, бірқатар қызметкерлерді арнайы Алғыс хатпен марапаттады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.