home
home home

Тәртіп бар жерде тазалық бар

 

Халқымызда «тазалық-иманның жартысы» деген сөз бар. Қазақ халқы о бастан тазалыққа баса мән беріп ұрпағына да осыны өсиеттеген. Бабаларымыз көшпелі өмір сүрсе де өмір сүру салтында тазалықты бірінші орынға қойғаны белгілі.

Ауданда жыл сайын көктемде және күзде аббаттандыру және көріктендіру бойынша тазалық жұмыстары жарияланып мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың көптеп қатысуымен айналаны, арықтарды күл-қоқыстан тазалау, жеміс жидек ағаштарын, саябақтар мен гүлзарларды күтімге алып, қураған тал-теректерді кесу, ақтау жұмыстарын қолға алады. Дәстүрге айналған осы тазалық науқаны кезінде ауылымыз қоқыстан арылып ажары кіріп қалады. Әкімдіктің бастамасымен атқарылатын бұл шаралар жеткіліксіз. Әркім жүрген жерінде тазалықты сақтауға міндетті. Қордай ауданы облысымыздағы өте бір табиғаты бай көрікті таулы аймақта орналасқан  киелі мекен. Қордай асуы мен Шу өзенінің бойына орналасқан өте көрікті жер. Қордайдың көркі жылдан жылға жаңарып, күннен күнге гүлденіп, көз тартар зәулім ғимараттар салынуда. Осы орайда 150 мыңға жуық тұрғыны бар Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы да алға басып, жаңарып келеді. Былтыр ауданымыздың 30 пайызы көгілдір отынға қол жеткізсе биыл 95пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, биыл Қордай ауылы мен барлық елді мекендердің жолдары асфальтталып, жаяу жүргіншілер жолағы салынып жатыр. Бұл бұрын соңды болмаған қуаныш. Шалғайда жатқан Керу, Соғанды, Мұзбел елді мекендері тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Сол тегіс таза асфальттің үстінде ойнаған балаларды көресіз. Ауданның барлық ақсақалдары мен ақжаулықты аналарының облыс басшылығы мен аудан басшылығына айтар алғыстары шексіз. Рас, халық ризашылығын алғанға не жетсін. Бұл атқарылған барлық тіршілік халық үшін, тазалық үшін. Тазалықты сақтау үшін ең алдымен тәртіп керек. Тәртіп боламаған жерде ешқандай да тындырымды жұмыстар болмайтыны анық. Ауданның тазалығына оның көрікті болуына барлық халық болып атсалысайық. Тазалықты сақтау әркімнің парызы.

Жеңісхан Нәзікеев,

Қордай ауданының Құрметті азаматы


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.