home
home home

Тамшылатып суғарудың өнімі мол болмақ

Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен, өндірісті шикізатпен қамтамасыз ететін экономиканың негізгі саласының бірі болып табылады. Жуырда Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты «Самғау» ШҚ алқаптарында диқандардың, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің, ғалымдардың қатысуымен суғарудың балама тәсілдерін дамыту мәселесіне арналған семинар өтті.

Су – тіршілік көзі екені белгілі. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет түрі судың тапшылығына немесе мол болуына байланысты. Қордай ауданында ауыл шаруашылығы тура жолған қойылған салалардың бірі. Өзен жүйелерінің арқасында суармалы жерлердің көлемі артып, нәтижелі жұмыс істеу мүмкіндігі бар болған. Дегенмен климаттың өзгеруі және диқандарға байланысты емес өзге факторлар суармалы судың тапшылығына әкеп соқты. Шаруалар бұл проблеманың шешу жолдарын қарастырып, бұл іске мемлекет пен ғалымдар кірісіп кеткен. Аталмыш проблеманы шешудің жолдарының бірі – тамшылатып суғару әдісі. Семинарда «Қазақ Су Шаруашылығы Ғылыми-Зерттеу Институты» ЖШС өкілі А.Калашников болашақта су тапшылығы жалғаса беретінін атап өтіп, бұл жағдайды жақсартудың бір ғана жолы бар, ол тамшылатып және жаңбырлатып суғару сынды балама тәсілдерді енгізу екенін алға тартты.

– Мәселен, Қордай ауданы 85% суды көрші  мемлекеттен алады, соңғы жылдары судың тапшылығы қатты сезілуде. Біз бірнеше жылдар бойы  бірқатар диқандармен жұмыс істеп, оларға тамшылатып суару әдісін енгізуге көмектесудеміз. Мұның баламасы жоқ екенін түсінеміз, жыл сайын су азая береді, сондықтан бұл мәселені шешу қажет, – дейді А.Калашников. Семинарға қатысушыларға осы күні әдеттегідей әдіспен суғарылатын және тамшылатып суғару әдісі қолданылатын алқаптар көрсетілді. Суды айтарлықтай үнемдеуден басқа тамшылатып суғару алқаптарында өнім мол. Айта кетсек, семинар барысында суарудың әр түрлі тәсілдері, оның ішінде жерасты тамшылатып суғару, ұңғыма бұрғылау мәселелері талқыға салынды. Диқандар тарапынан су келтіру арналарының жағдайын жақсартуға қатысты  сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға жауап берген мамандар ғалымдардың Үкіметке енгізген ұсыныстары жайлы айтып өтті. Олардың қатарында канал мен арықтарды бетондау, су қоймаларын салу және қайта құру. Іс жүзінде жер каналдарында судың 50-60% алқапқа жетпей жоғалып кетеді. Каналдарды бетондау суды үнемдеуге айтарлықтай септігін тигізіп, суармалы жерлердің көлемін сақтап, тіпті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Аудан диқандарына озат технологияларды дамыту саласында кеңес беретін «SMEC» халықаралық компаниясы өкілдерінің айтуынша бүгінгі күнге еліміздің төрт өңірінде жаңа технологияларды енгізу нәтижесі көрсетілетін көрсетім алаңшалары бар.

Семинар соңында «Қазақ Су Шаруашылығы Ғылыми-Зерттеу Институты» ЖШС және «SMEC» компаниясының өкілдері агроқұрылым басшыларын суғарудың жаңа әдістері мен технологияларына өтуде белсенділік танытуға шақырды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.