home
home home

Талапқа бағынбаған айыппұлға тап болады

 

27 шілде күні аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері бірлесе қоғамдық орындарға кезекті рейд шараларын жүргізді.

Бұл күні Қордай ауылында сағат 20.00-ден кейін сауда орындарының немесе қоғамдық тамақтану орындарының маңында адамдар байқалған жоқ. Дәмханалар мен сауда орындары талапқа сәйкес жұмысын тоқтатты.

Алайда, рейд шаралары барысында бірқатар кемшін тұстар анықталғанын айта кету керек. Мәселен, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері «Барыс» сауда павильондарының маңында орналасқан «Зарема» дәмханасының қызметкерлеріне санитарлық нормаларды сақтау бойынша ескерту жасады.

Сондай-ақ, Сарыбұлақ ауылдық округінде республикалық маңызы бар тас жолдың бойындағы дәмхана қызметкерлеріне де ескертулер берілді. Мұнда бірқатар қоғамдық тамақтану орындары сағат 20.00-ден кейін жұмыстарын жалғастырып, бірқатары санитарлық нормаларды ұстанбаған. Тәртіп бұзушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, айыппұл салынатындығы айтылды. Аудан көлеміндегі дәл осындай рейд шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта