home
home home

Талап пен тәртіп

Талап пен тәртіп

 

Аудан әкімі Рүстем Дәулеттің тапсырмасымен аудан аумағында енгізілген шектеу шараларын ел арасында түсіндіруге арналған арнайы мобильдік топ құрылып, бүгінде ол өз жұмысын бастап кетті.

 

Төрт топтан тұратын мобильдік құрылым құрамына аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің және «Nur Otan» партиясының мүшелері, учаскелік полиция инспекторлары енді. Осылайша олар сейсенбі күні аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарда болып, тұрғындарға аса қажеттіліксіз көшеге, қоғамдық орындарға шықпау керектігін ескертті.

-Әлемді дүрліктірген вирустық инфекцияның қаупі елімізге де төніп, ауданымызда дертке шалдыққандар саны күн санап өсуде. Сол себепті, мамандардың кеңесіне құлақ асып, сақтық шараларын бұлжытпай орындағанымыз жөн, – дейді топ жетекшісі Біржан Әлімбет.

Мобильдік топ мүшелері осы күні банктерді, ірі сауда орындары мен базарларды аралап, сол маңда жиналған тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қызметтік көліктерімен ауыл көшелерін аралап, сақтық шараларын есте сақтау керектігін хабарлады.

Айта кетсек, түсіндіру жұмыстары екі күнге созылады. Ал одан әрі себепсіз көшеге шыққан тұрғындарға құқық қорғау органдары айыппұл сала бастайды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.