Қордай ауданы әкімінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 276ө-ж/қ өкімімен Меирманов Әсет Берікұлы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Меирманов Әсет Берікұлы 1990 жылы 6 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары.
2013 жылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.
2010-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігіне қарасты көліктегі полиция департаментінде қызмет атқарған.
Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.