home
home home

тағайындау Қордай ауданында жаңа бас имам

 

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы болып Асқар Зәкіржанұлы тағайындалды.

ҚМДБ-нің Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Қордай жамағатын бас мүфтидің бұйрығымен таныстырып, ауданның жаңа бас имамының жұмысына сәттілік тіледі. Бейбіт Мырзагелдиев аудандағы мұндай өзгерістердің мүфтияттың жұмысына оң серпін беретініне, бейбітшілік пен келісімнің нығаятынына сенім білдіріп, Асқар Зәкіржанұлына жұмыстың негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.

Айта кетсек, бұған дейін ауданның бас имамы қызметін атқарған Дәурен Құттыбаев аудандық «Қордай» мешітіне найб имам әрі «Қордай» құран қариларын дайындау орталығына ұстаз болып тағайындалды.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.