home
home home

Тағайындау

 

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндетін атқарушысының 2020 жылғы 19 қарашадағы №252-Ж/Қ бұйрығымен Әшірбеков Санат Сағынбекұлы арнайы тексерудің қорытындысына дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысының міндетін атқарушысы

     болып қабылданды.

Әшірбеков Санат Сағынбекұлы 1971 жылы 14 наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Құмөзек ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.

2006 жылы Жамбыл педагогикалық институтын «педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округі әкімінің Кеңес ауылындағы өкілі қызметінен бастаған.

2000-2002 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс және бақылау бөлімінің аға кеңесшісі, 2002-2004 жылдары Мойынқұм ауданы, Қарабөгет ауылдық округінің әкімі, 2004-2006 жылдары Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, бас инс-пекторы, Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2007-2008 жылдары Алматы облысы Панфилов ауданы «Сен-групп» ЖШС материалдық-техникалық жабдықтау, келісімшарттар және маркетинг бөлімінің бастығы, 2008-2014 жылдары Алматы облысы Панфилов ауданындағы «Жаркент-Арасан» медициналық-сауықтыру кешенінің директоры, 2014 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 12 жылдық білім беру ғылыми-әдістемелік орталығының директоры, 2014-2016 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы, 2016-2019 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің тәрбие және стратегиялық даму жұмыстары жөніндегі проректоры, 2019-2020 жылдары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған.

Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.