home
home home

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Үндеулер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы​ күрес- Сіз бен бізге ортақ іс!

Еліміз​ тәуелсіз ел атанғаннан бастап​ ​ сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты​ нақтыланып, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық мемлеттік органдар мен қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар өз деңгейінде атсалысуда. Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік қызметтердің​ түрлері кезең-кезеңімен электронды, яғни «бір терезе» қағидаты арқылы іске асуы жемқорлықтың алдын алуға айтарлықтай септігін тигізіп отырғандығы сөзсіз.​ Сыбайлас жемқорлық мемлекеттiк басқару жүйесінің тиiмдiлiгiн, елдiң инвестициялық кірісі мен әлеуметтiк-экономикалық​ дамуын тежейтiнi баршаға мәлiм. Сондықтан да жас тәуелсіз еліміздің экономикасы жоғары, өндірілген өнімдері бәсекеге қабілетті, дамыған 30 елдің қатарына кіруіміз үшін еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жастар сыбайлас жемқорлықпен күресуде белсенділік танытуы қажет деп ойламын. Барша жастарды сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырамын!

Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ф.Қорабай


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта