home
home home

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2017 жылы Қордай ауданында орындалуы туралы

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 2017 жылы

Қордай ауданында орындалуы туралы

 

Қордай ауданында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары мен мемлекеттік бағдарламалары бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары жүйелі түрде орындалуда.

Қордай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы №151 қаулысымен комиссия құрамы қайта құрылған «Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия құру туралы».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясының 4 отырысы өткізілген (2017 жылдың – 20 ақпанында,                          24 сәуірінде, 17 шілдеде, 24 қазанда).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру мақсатында, аудан әкімінің ресми (http://korday.zhambyl.kz)  сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты арнайы бөлімі құрылған.

Аталған бөлімде:

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
  • «100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидалары;
  • Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимылдар туралы бейнероликтер;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың Қордай ауданында орындалуы туралы ақпараттар орналастырылған.

«Өзіңнен баста» атты жемқорлыққа қарсы Республикалық акциясы аясында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен салық салу объектілері болып табылатын табыс пен мүлік туралы декларациялары уақтылы тапсырылды.

Ауылдық округ әкімдерінің халыққа (22 елді мекенде) есеп беру барысында «сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту», «сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында ауыл тұрғындарына (қатысушылар саны-1479) 2017 жылдың 18-23 қаңтары аралығында түсіндірме жүргізіліп жадынамалар таратылды.

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың ғимараттарында «Назар аудар, есіңде сақта!», «Егер сізден пара талап етсе!?», «Пара алу-бұл қылмыс» және «Пара беру-бұл қылмыс» тақырыптарында азаматтарға арналған жадынама ілінген.

Қордай ауданы әкімінің аппараттық кеңесінде аудан әкімдігіне бағынысты барлық мемлекеттік орган басшыларына 2017 жылдың                   6 желтоқсанында және 26 желтоқсанында:

-мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында сыйлық алуды болдырмау жөнінде ескертілген;

– мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен немесе алған сыйлықтарды жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыру жөнінде, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс екендігі хабарланды.

Аудан бюджетінен 2017 жылға үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына (515,0 мың теңге) қарастырылып, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Жамбыл облысы Жас Отан қоры» Болатбек Уалихан Болатбекұлы (315,0 мың теңге) жеңімпаз атанды.

Аудан әкімімен 2017 жылдың 11 мамырында «Қордай ауданы әкімінің аппаратында, Қордай ауданы әкімдігінің бөлімдерінде, ауылдық округ әкімі аппараттарында 2017 жылдың 1 жартыжылдығында құқықтық мәдени деңгейін арттыру бағытындағы  іс-шаралар» жоспары бекітіліп, мемлекеттік қызметшілерге құқықтық оқыту жұмыстары жүргізілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту мақсатында, 2017 жылдың 17 мамырында 4 рет семинар-кеңес (Қордай, Қасық, Сортөбе, Қаракемер) ұйымдастырылып, Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровтың және ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы С.Солтанбековтың есептері тыңдалды.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» бірлестігі филиалының басшысы –  Төлендиев Қасымхан Естемесұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы өкілі – Малқайдаров Есенгелді Амангелдіұлы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы – Исмаил Қайрат Абилханұлымен 2017 жылдың 26 қыркүйегінде семинар-кеңес ұйымдастырылған.

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты – 2 (Г.Садабаева, Б.Сазанбай,) мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған.

Сондай-ақ, басшы лауазымдарды қызметкерлердің өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                                29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мемлекеттік органдардың ғимараттарында ілінген.

Аудан әкімінің 2017 жылғы 22 мамырдағы 41ө өкімінің негізінде, Қордай ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (2017 жылдың 22 мамырында) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг (2017 жылдың 25 мамырында) жүргізілген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында, мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды өткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Аудан тұрғындарының жемқорлыққа қарсы мәдениет пен тәрбиені қалыптастыру мақсатында, Қордай, Алға ауылының орталық көшелерінде 8 билборд («Парақорлық-балалардың арманын ұрлайды», «Отправим коррупцию в глабальный нокаут», сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты насихаттау тақырыпта билбордтар) орналастырылды.

Аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің бетіне сыбайлас жемқорлыққа карсы тақырыпта 18 (мемлекеттік тілде – 10, орыс тілінде – 8) рубрикалық материалдар жарияланған.

Жастар ресурстық орталығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 7 кездесу, 5 пікір сайыс, 1 сұхбаттасу, 4 дөңгелек үстел,           3 акция, 1 семинар ұйымдастырылған. Атап айтсақ:

-«Жемқорлық үшін Заң алдында жауапкершілік» атты кездесу (Отар ауылы 06.02.2017 ж. қатысушылар саны-40);

-«Жемқорлықтың пайдасы бар ма?» тақырыбында пікір сайыс (Қаракемер ауылы 14.02.2017 ж. қатысушылар саны-35);

-«Жемқорлық індет, жою міндет» атты кездесу (Ноғайбай ауылы 12.03.2017 ж. қатысушылар саны-69);

-«Жемқорлықсыз қоғам құруға болама?» атты пікір сайыс (Қордай ауылы 16.03.2017 ж. қатысушылар саны-40);

-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын жүзеге асыру туралы» әңгіме сұхбат (Ноғайбай ауылы 20.03.2017 ж. қатысушылар саны-34);

-«Жастар-сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты кездесу (Қордай ауылы 27.03.2017 ж. қатысушылар саны-50);

-«Жемқорлықсыз өмір сүруге болама?» атты кездесу (Масанчи ауылы 06.04.2017 ж. қатысушылар саны-60);

-«Жастар-сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты дөңгелек үстел (Жамбыл ауылы 13.04.2017 ж. қатысушылар саны-38);

-«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты кездесу (Кенен ауылы 29.04.2017 ж. қатысушылар саны-30);

-«Жемқорлыққа жол жоқ» атты кездесу (Масанчи ауылы 12.05.2017 ж. қатысушылар саны-55);

-«Жемқорлыққа жол бермейміз» атты пікір сайыс ( Степной ауылы № 24 Степной орта мектебінде, 8.08.2017 ж, қатысушылар саны – 25);

-«Жемқорлыққа қоғамға зияны бар ма?» пікір сайыс (Алға ауылы, № 34                       М.Смағұлов атындағы орта мектебінде 6.10.2017 ж, қатысушылар саны – 20);

-«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті (Сарыбұлақ ауылы, № 32 орта мектебінде 27.10.2017 ж, қатысушылар саны – 25);

-«Сыбайлас жемқорлық туралы не білесіз?» тақырыбында дөңгелек үстел (Жамбыл ауылы № 26 орта мектебінде, 8.11.2017 ж, қатысушылар саны – 15);

– «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» флеш-моб өтті, (Ноғайбай ауылы, 14.11.2017 күні, қатысушылар саны – 20);

-«Жемқорлықтың зияны бар ма?» тақырыбында кездесу (Қақпатас ауылы, № 30 орта мектебінде, 15.11. 2017 ж., қатысушалар саны – 15);

-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында  акция (Бетқайнар ауылы, 17.11.2017 ж., қатысушалар саны – 30);

-«Жемқорлықтың пайдасы барма?» тақырыбында  семинар өтті (Отар ауылы № 32 орта мектебінің кітапханасында 21.11.2017 ж., қатысушалар саны – 15);

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел («Береке» ГТК 29.11.2017 ж., қатысушалар саны -30);

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» флеш-моб акция (Қордай ауылы, 30.11.2017 ж., қатысушалар саны – 50);

– «Жемқорлықсыз өмір бар ма?»тақырыбында пікір сайыс (Масанчи ауылы          № 50 орта мектебінде 13.11.2017 ж., қатысушалар – 20).

Қордай ауданының 28  атқарушы органдары – 93 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде (аудан әкімі аппараты-1, аудан әкімдігінің бөлімдері-8, ауылдық округ әкімі аппараттары-19).

2017 жылдың қорытындысы бойынша Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 260 701 қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

-қағаз нысанында – 9 707 қызмет көрсетілген немесе 3 %;

-баламалы түрде – 14 523 қызмет көрсетілген немесе 6 %;

-мемлекеттік қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген – 213 936 қызмет көрсетілген немесе 82 %.

-«электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы – 6 677 қызмет көрсетілген немесе 3 %;

-Мемлекеттік корпорация – 15 858 қызмет көрсетілген немесе 6%.

Жыл ішінде, Аппараттың кеңсесіне азаматтар мен заңды тұлғалардың кіріуінің еркіндігі қамтамасыз етілген, жеке тұлғадан – 778 өтініш, ал заңды тұлғадан – 384 тіркеліп, арыздары, өтініштері, шағымдары мерзімінде қарастырылған.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын-алу мақсатында, тиісті шаралар қолдану үшін, аудан әкімі мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы 2017 жылы 12 рет ұйымдастырылып,            158 азамат қабылданды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың 12 айында Қордай ауданы әкімдігіне бағынысты мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық санатына жататын 3 (Б.Сазанбай, С.Ануарбеков, А.Бегалиева) қылмыстық іс орын алған (2016 жылы 5 қылмыстық іс- Қ.Иманалиев, М.Жетигенов, Б.Чукенов, У.Киялов, Г.Садабаева). Атап айтсақ:

  • Қордай аудандық сотының 2017 жылғы 27 наурыздағы үкімімен – Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Сазанбай Болат Жеңісбайұлы 300 000 теңге пара алғаны үшін, ҚР ҚҚ-нің 366 (пара алу) бабының   2-ші бөлігімен айыпталып, оған осы бап бойынша жеке мүлкін тәркілеп, жергілікті басқару органдарында мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, 60 (60×300 000) еселенген көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған, яғни  18 000 000 (он сегіз миллион) теңге.

Нәтижесінде, Қордай ауданы әкімінің 2017 жылғы 4 мамырдағы №177 ө-ж/қ өкімімен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Сазанбай Болат Жеңісбайұлы қызметінен босатылды.

  • Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ануарбеков Самат мемлекетке шамамен 2 180 000 теңге залал келтіргені үшін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189 бабымен, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адаммен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу фактісі бойынша, қылмыстық іс қозғалған.

Нәтижесінде, Қордай аудандық сотының 2018 жылғы 10 қаңтардағы шешімі негізінде «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-нің бас маманы С.Анурабеков жергілікті өзін-өзі басқару органдарында өмір бойы мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айыру және 4 жыл аудандық пробация есебінде тұру жазасы қабылданған.

  • Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары Бегалиева Ақ-Марал Джанибековна 100 000 теңге пара алғаны үшін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24 бабы 3 бөлігі және 190 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен айып тағылып, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адаммен алаяқтық жасау фактісі бойынша, қылмыстық іс қозғалған.

Нәтижесінде, Қордай аудандық сотының 2018 жылғы 5 ақпанындағы шешімі негізінде Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары Бегалиева Ақ-Марал Джанибековна жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 жылға мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айыру және 2 жылға бас бостандағын шектеуге жазасы қабылданған (шешім күшіне енген жоқ).

Ал, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар сипатындағы 6 (Б.Саниязов, Қ.Райымкулов, Н.Молдабеков, М.Алимбетов, А.Абдибаев, Д.Қарымсаков) құқықбұзушылық орын алған (2016 жылы – 4 Б.Саниязов, Б.Сазанбай, Д.Жаманбаев, А.Валиева).

Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес конкурс өткізу барысында, шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен.

Нәтижесінде:

1) аудан әкімінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №216ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Райымкулов Куатбек Жумабаевич «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшасына және 44 бабының                 6 тармағына  сәйкес, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Қордай ауданындағы шаруа қожалықтарының өсiмдiк шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, мал өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыты бойынша, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өтініштерін қанағаттандыру арқылы заң талаптарына сай келмейтін негіздермен субсидия төлеуге жол берген.

Нәтижесінде:

2) Қордай ауданы әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының                2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 94ж/қ бұйрығымен, аталған бөлімнің  бас маманы Алимбетов Мухамеджанға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 6 тармағына,                        50 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, атқаратын мемлекеттік лауазымнан шығару түріндегі  тәртіптік жаза қолданылды;

3) Қордай ауданы әкімінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 426ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Молдабеков Нуржан Смагуловичке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 6 тармағына, 50 бабының                    1 тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, атқаратын мемлекеттік лауазымнан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолданылды;

4) Қордай ауданы әкімінің 2017 жылғы 27 қазан № 487ө-ж/қ өкімімен Қасық ауылдық округінің әкімі Абдибаев Айтжан Башановичке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 6 тармағына, 50 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;

5) Қордай ауданы әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсан № 500ө-ж/қ өкімімен Қасық ауылдық округінің әкімі Карымсаков Данияр Еркінбайыұла «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 6 тармағына, 50 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

6) Қордай ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қаңтар № 2ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімінің орынбасары Саниязов Болат Қаниұлына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44 бабының 6 тармағына, 50 бабының 1 тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, атқаратын мемлекеттік лауазымнан шығару түріндегі  тәртіптік жаза қолданылған.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың көпшілігі пара алу, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, қызметтік жалғандық жасау болып отыр.

Нәтижесінде, орын алған құқықбұзушылық фактілерін зерделеу барысында, лауазымды тұлғаның өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше және заң талаптарына сәйкес толық орындамағаны, сонымен қатар өз міндеттеріне немқұрайлы қарағаны салдарынан болған.

 

 

Аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық жұмысы

бөлімшесінің басшысы                                                       Е.Бекпатшаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың Қордай ауданында         2018 жылдың 2 айында орындалуы туралы ақпарат

 

Қордай ауданында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары мен мемлекеттік бағдарламалары бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары жүйелі түрде орындалуда.

Қордай ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №50ө өкімімен «Арнайы мониторингтік топ құру туралы» мониторингтік топ құрамы құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясының 1 отырысы өткізілген (2018 жылдың 23 қаңтары).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру мақсатында, аудан әкімінің ресми (http://korday.zhambyl.kz)  сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты арнайы бөлімі құрылған.

Аталған бөлімде:

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
  • «100 нақты қадам» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасы;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидалары;
  • Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимылдар туралы бейнероликтер;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың Қордай ауданында орындалуы туралы ақпараттар орналастырылған.

Аудан бюджетінен 2018 жылға үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына (500,0 мың теңге) қарастырылды.

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың ғимараттарында «Пара берсең 15 жылға жазаланасың», «Пара келесі түрде берілуі мүмкін», «Пара берсең, жазаланасың» тақырыптарында азаматтарға арналған жадынамалар ілінген.

Қордай ауданының 28  атқарушы органдары -93 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде (аудан әкімі аппараты-1, аудан әкімдігінің бөлімдері-8, ауылдық округ әкімі аппараттары-19).

2018 жылдың 2 ай қорытындысы бойынша Қордай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 9 721 қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

-қағаз нысанында – 1 302 қызмет көрсетілген немесе 13 %;

-баламалы түрде – 1 733 қызмет көрсетілген немесе 18 %;

-мемлекеттік қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген – 3 494 қызмет көрсетілген немесе 36 %.

-«электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы – 764 қызмет көрсетілген немесе 8 %;

-Мемлекеттік корпорация – 2 428 қызмет көрсетілген немесе 25 %.

Есепті кезеңде, Аппараттың кеңсесіне азаматтар мен заңды тұлғалардың кіріуінің еркіндігі қамтамасыз етілген, жеке тұлғадан – 157 өтініш, ал заңды тұлғадан – 87 тіркеліп, арыздары, өтініштері, шағымдары мерзімінде қарастырылған.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын-алу мақсатында, тиісті шаралар қолдану үшін, аудан әкімі мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы есепті кезеңде 5 рет ұйымдастырылып,  23 азамат қабылданды.

Сондай-ақ, басшы лауазымдарды қызметкерлердің өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы                         29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мемлекеттік органдардың ғимараттарында ілінген.

Аудан әкімі аппараты басшысының төралығымен 2018 жылдың               16 қаңтарында, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптары түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген «Мемлекетік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында нұсқаулығы барлық мемлекеттік органдарға таратылған.

Есепті кезеңде, Қарасу ауылдық округі әкімі мен оның орынбасарының іс-әрекетіне қатысты А.Сайпышева мен Л.Оналбаеваның арыздары қарастырылды.

Нәтижесінде, аталған арызда көрсетілген Заңсыз іс-әрекеттер орын алмағаны анықталған.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында, мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарды өткізу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Аудан тұрғындарының жемқорлыққа қарсы мәдениет пен тәрбиені қалыптастыру мақсатында, Қордай ауылының орталық көшелерінде         2 билборд («Парақорлық-балалардың арманын ұрлайды», «Отправим коррупцию в глобальный нокаут») орналастырылды.

Аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің бетіне сыбайлас жемқорлыққа карсы тақырыпта 2 рубрикалық материалдар жарияланған.

Жастар ресурстық орталығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 1 кездесу, 1 флеш моб ұйымдастырылған.

-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жаңғырту» атты флеш моб (Қордай ауылы. ХҚКО, Әділет басқармасы, Кірістер басқарамсы, №2 ОМ, Бауырхан-Үсен  базарлары 20.02.2018ж. қатысушылар саны-100);

-«Жастар жемқорлыққа қарсы!» атты кездесу (Қардай ауылы, Әділет басқармасы 26.02.2018 ж. қатысушылар саны-30);

Есепті кезеңде, сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыстық іс (2017 жылы – 3 дерек: Б.Сазанбай, С.Ануарбеков, А.Бегалиева) және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар сипатындағы  құқықбұзушылық (2017 жылы 6 дерек: Б.Саниязов, Қ.Райымкулов, Н.Молдабеков, М.Алимбетов, А.Абдибаев, Д.Қарымсаков) орын алмаған.

 

 

Аудан әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық жұмысы

бөлімшесінің басшысы                                                        Е.Бекпатшаев

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта