home
home home

Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

 

Қордай ауылы

 

 

Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына 17) тармақшасына және                37 бабының 8 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
  2. «Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссия құру туралы» Қордай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 151 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ережесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Кузербаевқа жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                          Б.Байтөле

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қордай ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «   » маусымдағы

     қаулысына 1 қосымша

 

 

Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы:

 

Байтөле Болатбек Байқонысұлы аудан әкімі, комиссия төрағасы;
Жамангозов Бейқұт Тілебалдыұлы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Бекпатшаев Елдос Сайлауұлы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Әшенов Мұхитбек Батырбекұлы аудан прокуроры (келісімі бойынша);
Алим Алмаз

 

 

 

мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қордай аймағы бойынша бастығы (келісімі бойынша);
Исмағұл Ғанибек Кенжетайұлы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай аудандық бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Нурсипатов Руслан Маратұлы аудандық мәслихат хатшысы (келісімі бойынша);
Сүгірбай Дамира Маратқызы «Нұр Отан» ХДП Қордай аудандық филиалы төрағасының орынбасары (келісімі бойынша);
Сырлыбаев Мұратбек Мырзаутбекович аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы                   (келісімі бойынша);
Айхимбеков Азамат Амангелдіұлы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Төлеуішов Нүркен Мақашұлы жергілікті полиция қызметінің бастығы (келісімі бойынша);
Қарамолдаева Баян Нәзекеқызы

 

Қордай аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы (келісімі бойынша).

 

 

 

 

 

Қордай ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «    » маусымдағы

     қаулысына 2 қосымша

 

Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қордай ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультативтік-кеңесшi орган болып табылады.
  2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
  3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады.

Комиссия құрамына лауазымы бойынша – аудан әкімі; аудан әкімінің орынбасары; аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің басшысы; аудан прокуроры; мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қордай аймағы бойынша бастығы; ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай аудандық бөлімінің бастығы; аудандық мәслихат хатшысы; «Нұр Отан» ХДП Қордай аудандық филиалы төрағасының орынбасары; аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы; аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы; жергілікті полиция қызметінің бастығы; Қордай аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы.

Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.

 

  1. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері

 

  1. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдап, аудан деңгейінде орындалуын қамтамасыз ету;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйіне, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылықтарына мониторинг жүргізу мен талдау жасау;
  • жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің этиканы бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау және оларға тәртіптік жазалар қолдану туралы ұсынымдар дайындау.
  1. Комиссия өз құзыреті шегінде:
  • жергілікті органдардан қылмыстық істерді және жедел-іздестіру материалдарын қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
  • өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;
  • тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ қызмет этикасы ережелерін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға дейін, ұсыныстар енгізуге.

 

  1. Комиссия қызметін ұйымдастыру

 

  1. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі, олар Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін.
  2. Комиссияның отырыстары Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығымен қатысу мүмкін.
  3. Комиссия шешімдері отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  4. Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
  5. Комиссия төрағасы:
  • Комиссия қызметіне басшылық жасайды;
  • оның отырыстарында төрағалық етеді;
  • Комиссия жұмысы туралы Жамбыл облысының әкіміне қажеттілікке байланысты есеп береді;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін қарауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға хақылы.
  1. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
  2. Комиссия хатшысы:
  • Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
  • Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
  • Комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді;
  • Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады әрі бақылау жасайды.
  1. Мемлекеттік органдар мен мекемелер Комиссияның жүктелген міндеттерді орындауына жәрдемдесуге міндетті.

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта