home
home home

сұрақ-жауап Әрдайым қабылдауға дайынбыз

 

Дүйсенбі күндері «Қордай» газ шаруашылығы мекемесіне келген жұртшылық қызметкерлерге жолыға алмай, ұзақ уақыт күтіп тұратындықтары туралы редакцияға хабарласқан болатын. Газ мәселесіне қатысты қандайда сұрақтарымен келген адамдар бұйымтайларын айта алмай, сағаттап күтуге мәжбүр. Осы мәселенің мән жайын білмек ниетте газ шарушалығы басшысына жолығып, сұрағымызды қойған едік.

Серік Есжанов, аудандық газ шаруашылығы мекемесінің директоры:

-Біздің ұжымда әрбір дүйсенбі күні әріптестермен жоспарлы жиын өтеді. Апта қорытындысын шығарып, алдағы апта жұмысын жоспарлаймыз. Жұмыс ауқымының өте үлкендігіне байланысты жиын біршама уақытқа жалғасатыны белгілі. Дей тұрғанымен, біздер әрдайым тұрғындармен тілдесуге уақыт табамыз. Мен өзім, әр тұрғынды жеке қабылдауға дайынмын. Ал, қабылдауға келген бір азаматтың мәселесін тыңдау, шешу жолдарын қарастыру үшін кем дегенде 15 минут уақыт кетеді. Қазіргі ахуалға байланысты бірден көп адамды қабылдауға болмайтыны белгілі. Сол себепті газ тұтынушы азаматтарымызды түсіністікпен қарауға шақырамыз. Барлық тұрғындардың тілегі мен ұсынысы ескерусіз қалмайды.

Жанайќай


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.