home
home home

Су – тілсіз жау

Су – тілсіз жау

Жаздың ең ыстық шілде айында барлығымыз суға шомылғанды, ыстық құмда жатқанды, күнге күйдірінгенді, суда жүзгенді, малтығанды ұнатамыз. Шындығында, бұл нағыз тамаша кезең. Алайда, әрбір адам суға шомылғанда қауіпсіздік шараларын, оның тәртібін қатаң сақтамаса суда шомылу өте қауіпті екенін ұмытпауы тиіс.

Қайғылы жағдайға душар болмас үшін өзен немесе көлде шомылу ережелерін білу керек және оны бұзбауға тырысу қажет. Ең бастысы – арнайы жабдықталған шомылу орындарында, жағажайларда шомылған жөн. Жүзуді білмейтіндер суға белден жоғары түспеуі керек. Сондай-ақ, суда 10-15 минуттан көп болмаған жөн. Шомылып шыққаннан соң денені құрғатып сүрту керек.

Жасанды (үрленген автокөлік камерасы) су құралдарымен суға түсуге болмайды, өйткені жел немесе су ағысы сізді жағадан алшақ алып кетуі мүмкін. Осы кезде су толқындары камераны аударып, суға бату қауіпі бар.

Суда жүзе білмейтіндерді аяғынан тартып, батырып, терең жерге апарып ойнауға қатаң тыйым салынады. Кейбір адамдар суда шомылғанда батып бара жатқан адам сияқты өтірік көмекке шақырады, мұндай ойындар құтқарушылардың жұмыстарына кедергі келтіреді.

Сондай-ақ, кішкентай балаларды суда жалғыз қараусыз қалдыруға болмайды. Олар төніп тұрған қауіпті байқамайды. Аяқтары тайып жығылуы, суға батуы, тұншығулары мүмкін. Олардың қауіпсіздігіне жауапты екендеріңізді ұмытпаңыздар.

Арнайы белгі тұрған жерден асып жүзуге, жағадан алыстап жүзуге немесе су қоймаларында бәсекелесе жүзуге болмайды.

Суға секіргенде абай болыңыздар. Былтыр жүзген жерлеріңіздің өзін қайтадан тексерген жөн, өйткені бір жылдың ішінде ол жерге қоқыс жиналуы немесе суы азайуы мүмкін. Суда барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды қарастыра алмайсың, сондықтан да суда есте сақтайтын ең басты ереже ол – абай болу.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.