home
home home

Статистика хабарлайды

 

 

 

Халық санағы – белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау (респонденттерден жаппай сауал салу арқылы), өңдеу және алынған ақпаратты, статистикалық көрсеткіштер жүйесін және олардың талдауын қалыптастыру, халық туралы агрегатталған (иесіздендірілген жиынтық) деректерді бағалау және тарату процесін қамтитын арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау.

Халық санағының қорытындылары жалпы ел бойынша, қалалық және ауылдық жерде және өңірлік бөліністе жынысы мен жасы, неке жағдайы, ұлттық құрамы, азаматтығы, ұстанатын діні, білім деңгейі, тілдерді меңгеруі, үй шаруашылықтарының (және отбасылардың) саны мен көлемі, тұрғын үй жағдайлары және басқа да сапалық және сандық белгілері бойынша халық санының құрылымындағы өзгерістер сияқты халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуында өткен 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасында болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді.

Ұлттық санақтың екінші кезеңінде (2020 жылғы 1-30 қазан аралығында) негізгі халық санағы өткізіледі, ол өз кезегінде Интернет сауалдама және жаппай сауалдамаға бөлінеді.

Одан әрі 2 кезең (санақшылармен) интервьюерлермен планшетпен жаппай аралау онлайн және оффлайн режимдерінде деректерді жинау басталады, оның ішінде интернет сұраудан өткендерде бар. Респондент хабардар еткен кезде, тексеру жүргізіледі және барлық тұрғындар (тұрақты немесе уақытша, сонымен бірге ҚР басқа азаматтары) сұраудан өткен өтпегенін нақтылайды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.