home
home home

Шешімге өзгерістер енгізілді

28 тамызда аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, оның жұмысына аудан әкімі Рүстем Дәулет, аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов, мәслихат депутаттары, аудан әкімі аппаратының басшысы, бірқатар бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Сессия барысында депутаттар экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы С.Абдужалиева ұсынған 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №62-4 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша сұрақты қарады.

Осыдан кейін бұрын қабылданған ведомствоаралық комиссиялар құрамы бекітілді.

Барлық қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Аудандық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып депутат Ғ.Әлімжанов сайланды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.