home
home home

Сенеміз,сенім артамыз

Сенеміз,

сенім артамыз

24 сәуірде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік сала қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиынның негізгі тақырыбы – Елордамызда өткен бас партияның ХІХ съезі болды.

Еліміз үшін тарихи кезең турасында алдымен бөлім басшысы Баян Ыбышева сөз сөйлеп, одан кейін жиынға қатысушылар өз пікірлерін білдірді.

– Елбасының жолы – егемен еліміздің дамып-өркендеуінің, тыныштығы мен татулығының айшықты көрінісі. Осы ынтымағымыз бен бірлігіміздің негізі – сабақтастық. Сондықтан, партия ұсынған кандидат өзіне жүктелген барлық міндеттерді абыроймен орындайтынына сенімдімін. Үміткер еліміз егемендігін алған алғашқы күнінен бастап Елбасымен бірге үзеңгілес болып, аса жауапты кезеңдерді бастан кешіріп, адалдығымен, еңбекқорлығымен танылып, өзінің аса жауапкершіл, талапшыл азамат екенін көрсетті. Біз қазақстандықтар өз дауысымызды үмітімізді ақтайтын, Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін тұлғаға беруіміз қажет, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Әбдібек Сейілханов.

Дөңгелек үстел барысында Елбасының Қазақстанда ұлтаралық татулық пен достастықтың мызғымас беріктігін қалағаны жайында сөз болып, ол үрдіс жалғасын таба беретіндігі айтылды.

– Съезде өте маңызды шешім қабылданды. Ол Қазақстан қоғамының бірлігі мен тұтастығының дәлеліндей болып өтті. Съезд бірауыздан еліміздегі ең жоғарғы лауазымдық қызметке сайлануға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын қолдады. Елімізде рухани жаңарудың, жалпы жаңғырудың басталған шағында Мемлекет басына ел сенім артқан тұлғаның келуі орынды. Осыған орай халқымыз лайықты таңдау жасайтынына сенімдімін, – деді «Славян» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Любовь Харченко.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.