home
home home

Саяси қуғын-сүргін құрбандары жадымызда

31 мамыр – қазақ халқының қабырғасын қайыстырған оқиғаларды еске алатын күн. Оның бірі – 1931-1932 жылдардағы ашаршылық болса, екіншісі – 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңі.

Бұл жылдары еліміздің апталдай азаматтарына жазықсыз жала жабылып, қуғын-сүргінге ұшыраса, ашаршылық заманда нәубетке шарпылмаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ. Елімізге орны толмас қасірет алып келген ауыртпалықтарды ел болып еске алу –  ұрпаққа парыз. Айтулы дата биыл қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келіп, аудан жұртшылығы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, дұға-тілектерін арнады. Еске алу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Болат Саниязов сөз алып, бұл күннің маңызына тоқталды.

«Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, жер аударылды. Жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасында бүгінгі бейбіт заманға жеткендігімізді ұғындыру қажет. Сондықтан да осындай шаралар бүгінгі ұрпақ үшін де, болашақ ұрпақ үшін де маңызы зор», – деді.

Одан кейін аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов сөз сөйлеп, солақай саясаттың  құрбаны болған ел қайраткерлерінің ерлігін ұмытпау – бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы екендігін айтты. Ал, ауданның Құрметті азаматы Иосиф Коркмазов сол бір қиын-қыстау кезеңде пана болған қазақ халқына зор алғысын жеткізді. Шара барысында жазықсыз жапа шеккен азаматтар бір минут үнсіздікпен еске алынып, жиналған қауым алаш ардақтыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.