home
home home

Сауран қаласы

Сауран қаласы – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Ол Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының солтүстік батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі. Орта ғасырда Сауран қазақ елінің әлеуметтік-саяси, шаруашылық-этникалық және мәдени дамуының орталығы болған екен. Ал, биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашық туралы алғашқы деректер Х ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды саяси және сауда орталығы ретінде белгілі болған екен. Қала жайлы Араб тарихшысы Мақдисиди өз шығармасында: «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар», – деп жазған. Сондай-ақ, ХІІІ ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болады. Ал, ХІV ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Қаланың үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына едәуір ықпал еткен. Содан кейін, ХVІ ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді, жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сонымен қатар, тарихтан Сауран қаласының ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басында әлсіреп, ХІХ ғасырдың басында біржолата күйрегенін оқуға болады.
Қазіргі кезде ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаңда Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың VІІ-ХVІІІ ғасырларға жататынын дәлелдейді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта