home
home home

Сарыбұлақтың  жігіттері  жарап  тұр

Сарыбұлақтың  жігіттері  жарап  тұр

Аудан орталығындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Жамбыл облысы, Қордай ауданының ІІ кезеңіне іріктеу жарысы өтті.

 

Осы күні Қордай, Жамбыл, Бетқайнар, Сарыбұлақ, Әлжан ана, Кенен ауылдары және Гвардейский қалашығының апайтөс жігіттері абсолюттік салмақта кім мықтыны анықтады. Турнирдің ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының  бақылаушы өкілі Р.Булегенов, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қордай ауданы бойынша филиалының директоры С.Медербекұлы, Қордай ауданының Құрметті азаматы, спорт ардагері М.Алтыбай, аудандық қазақ күрес федерациясының президенті Ж.Жолдасов, дене шықытыру және спорт бөлімі басшысы Д.Молдабеков, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы өкілдері және спорт мекемелерінің басшылары қатысып, балуандарға сәттілік тіледі. 90 келіден жоғары салмақта күресетін түйе балуандардың айқасы кімді болса да қызықтырары анық. Оның үстіне бұл турнирде өте тәжірибелі спортшылар қатысқанын айта кеткен жөн. «Алып та, шалып та жығатын» 11 балуанның ішінен көп ұзамай мықтылары да суырылып шыға келді. Қазақ күресінен талай турнирлерде топ жарып жүрген жамбылдық Қуаныш Құрбаниязов осы күні жүлделі ІІІ орынды қанжығаға байласа, қазақ күресінен талай жарыстарға шығып жүрген Сарыбұлақ ауылының тумалары Данил Федоров пен Марат Кеңес финалда кездесіп, Мараттың асығы алшысынан түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Федор жүлделі ІІ орынға ие болды. Жеңімпаздарға медальдар мен дипломдар және ақшалай сыйлықтар берілді. Мәселен ІІІ орынға 25, ІІ орынға 50, І орынға 100 мың теңге. Жеңіс тұғырына көтерілген екі балуан облыстық турнирде бақ сынайтын болды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.