home
home home

Сәндік сипаттағы «Аң стилі»

Сәндік сипаттағы «Аң стилі»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп алуға тиісті тұстары өте көп. Сонымен қатар, Тұңғыш Президенттің 2018 жылдың қараша айында жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы осы аталған жаңғырудың тікелей жалғасы болып табылады. Н.Назарбаев осы мақала арқылы еліміздің болашағы жас ұрпаққа шынайылыққа толы бай тарихымызды жеті қырынан танытып, топшалап берді десек артық айтқандық емес. Қазіргі дамыған жаһандық заманда әлем елдері тарихы мол мемлекетті ғана мойындайды. Міне, отыз жылға жуық уақыттың ішінде тәуелсіз еліміз дамушы мемлекеттердің қатарынан дамыған мемлекеттің қатарына қосыла алды десек те болады.

Еуразияның далалық тұрғындарының ат әбзелдерінде, қару-жарақтарында, тұрмыстық және табыну заттарында зооморфтық аң бейнесі көрініс тапқан. Жануарлар мен құстардың бейнелері, көбінесе жыртқыштар мен тұяқты жануарлар олардың тұрмыста қолданған заттарында бейнеленді. «Аң стилі» сәндік сипатта да қолданылды. «Аң стилі» белгілі бір діни наным-сенімге байланысты ұғымды білдірді. Жыртқыш жануарлар мен құстардың бейнелері қару-жарақтарға немесе атқа ерекше күш беретін тұмар ретінде қолданылғандығы тарих беттерінен белгілі. Жануарлардың жекелеген бейнелерінен басқа олардың топтасқан (синкретикалық) бейнелері де кездеседі. Бұл бейнелер киелі, рәміздік мағына береді. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» бас киімі жылқы, құс, таутеке, барыс және т.б. топтасқан бейнесінде алтын қапсырмалар әшекейленген. Осындай топтасқан бейнелерді зерттеу темір дәуірі көшпелілерінің идеологиясы мен діни түсініктері туралы мағлұмат береді.

Археологиялық қазба байлықтарының ішінде түркі дәуіріне тән найза, жебе, садақ, шоқпар және қылыш секілді темірден жасалған қару-жарақтардың молынан табылуы түркі қоғамында металлургия жоғарғы деңгейде дамығандығын көрсетеді. Қазақ халқы ежелден темірді тиімді игере отырып, қару-жарақ пен сауыт-сайманның ең үздік үлгілеріне қол жеткізген. Бұл үрдіс ұлы даламызда қазақ елінің әскери қуатының жедел артып, Орхон жырларында жырланғандай дүниенің төрт бұрышын жаулап алуына зор ықпал етті делінген. Түрік қағандығының территориясы кеңейіп, қуатты мемлекетке айналған тұста Ұлы Жібек жолы түркілердің билігіне өткені белгілі. Ұлы даланың күретамырына айналған Жібек жолы түркі әлемінің сауда-экономикасы мен саяси-дипломатиялық дамуына зор ықпал етті. Осы керуен арқылы Батыс пен Шығыстың алтын көпіріне айналған – Ұлы дала түрлі этностардың жарастықта өмір сүруіне мүмкіндік берген. Ұлы Жібек жолы бойында түрлі металдан жасалған бұйымдар мен металл түрлері де тасымалданып, тауар ретінде бағаланғандығы жазба деректерде де кездеседі.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта