home
home home

Салықтық рақымшылық

Салықтық рақымшылық

 

2019 жылы жүргізілетін салықтық рахымшылық бойынша нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-VІ ҚРЗ Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген тиісті толықтырулармен бекітілді.

Осылайша, Мемлекет Басшысымен 2018 жылғы 28 желтоқсанында қол қойылған Заң, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді. Осы Заңға сәйкес, салықтық рақымшылық шағын және орта бизнес субъектілеріне 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызын 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейді.

2019 жылдың 21 қаңтарында ҚР Қаржы Министрлігінің «Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидаларын бекіту туралы» №39 бұйрығы жарияланды.

2019 жылдың 8 ақпанынан бастап Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енді.

Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес Жамбыл облысы бойынша 3636 шағын және орта бизнес субъектілері рақымшылыққа жатады.
Бұл ретте, егерде негізгі қарызды 3484,9 млрд.теңге көлемінде төлеген жағдайда есептен шығаруға жататын өсімпұлдың жалпы сомасы – 1431,0 млн.теңге, айыппұлдың сомасы – 296,8 млн.теңгені құрайды.

2018 жылғы 1 қазаннан бастап негізгі қарыз сомасын төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады.
Бұл ретте мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суын өндіру, емдеу балшығына құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнімді өндіретін өндірушілер салықтық рақымшылыққа жатпайды.
Рахымшылыққа ілігу үшін салық төлеушілерге ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдары салықтық бет есептеріне мониторинг жасап, негізгі салық қарызын төлеген жағдайда, үш жұмыс күннен кешіктірмей есептен шығару туралы тиісті шешімдерін шығарып отырады.
Салық төлеушілер негізгі қарызы, өсімпұл мөлшерінің сомасын анықтау үшін «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында бет есебінен үзінді алуына болады.
Сондай-ақ, Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсы және «Электрондық үкімет» порталы «Салықтық берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы ақпарат» электронды сервисі арқылы онлайн режимінде ЖСН/БСН бойынша салықтық берешектің болуы / болмауы туралы ағымдағы ақпаратты алуға болады.
Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілерге қатысты рахымшылық қолданудың тәртібі басқаша.
Салықтық рахымшылыққа ілігу үшін осындай салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарына тиісті өтінішті жолдап, салықтар бойынша негізгі қарызын ертерек төлеуі қажет.
Одан басқа, оңалту рәсіміндегі салық төлеушілер оңалту жоспарына өзгеріс енгізіп, оны кредиторлар жиналысында келісіп, сотпен бекітуі қажет.

Жамбыл облысы бойынша 01.04.2019 жылдың жагдайына 657 салық төлеуші бойынша 3,8 млн теңгеге өсімпұл сомалар есептен шығарылды, негізгі төлем 23,3 млн.теңгені төленген.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта