home
home home

Жаңа тұрғын үй берілді

Жаңа тұрғын үй берілді

Қордай ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасының аясында бірқатар жобалар жоспарланып,  жүзеге асырылуда.

Азаматтардың патриоттық сезімі мен өз туған жерінің тағдыры үшін жауапкершілігін нығайтуға бағытталған «Атамекен» кіші бағдарламасының аясында аудандағы жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен  өткен 2017 жылы               8 аз қамтылған отбасыларға 35 млн 090 мың теңге көлемінде тұрғын үйлер салынды. Оның ішінде: жеке кәсіпкер Салауат Бақаев 1 отбасыға, Саин Бақаев  2 отбасыға, Ш.Иманбаев 1 отбасыға тұрғын үй және жеке кәсіпкер Қордай ауданының Құрметті азаматы Сәрсебек Салыбаев өз қаражаты есебінен аудандағы жағдайы төмен отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға 4 бөлмелі 4 тұрғын үйді салып берді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың                      10 ақпанында  құны 9 млн 900 мың теңгеге жеке кәсіпкер С.Салыбаевтың демеушілігімен аудандағы жағдайы төмен тағы 1 отбасыға арналған                          4 бөлмелі үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді.

         Аудан әкімінің орынбасары, жеке кәсіпкер С.Салыбаев, аудандық жобалық кеңсе мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта