home
home home

Қордай ауданында «Бір сәби – бір ағаш» республикалық акциясының өтуі туралы

Қордай ауданында «Бір сәби – бір ағаш» республикалық

 акциясының өтуі туралы

АҚПАРАТ

2018 жылдың 21 сәуірінде «Бір сәби – бір ағаш» республикалық акциясы аясында Қордай ауданының барлық 19 ауылдық округі мен елді мекендерінде қаңтар – сәуір аралығында дүниеге келген сәбилерге арнап ағаштар отырғызылды. Акция барысында жалпы Қордай ауданы бойынша      3 айда дүниеге келген 725 баланың ата-анасы балаларына арнап ағаштар отырғызды.

Ал, ауданның орталығы Қордай ауылында дүниеге келген 165 балаға ауданның орталық жасыл саябағынан және Шу қаласына бұрылатын айналма жолдан орын бекітіліп, ағаштар отырғызылды.

Сонымен қатар, акция барысында ауыл әкімдері мен ақсақалдары құттықтау тілектерін білдіріп, акцияның маңызын түсіндіріп өтті. Шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта