home
home home

Қордай ауданының әкімі Б.Байтөленің 23 маусым- мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтауы

Қордай ауданының әкімі Б.Байтөленің 23 маусым-

мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтауы

 

 

Құрметті әріптестер!

Қадірменді жиналған қауым!

 

Сіздерді кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің ең басты тірегі мен тіреуі, оның алға қойған мақсаттары мен саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Сондықтан да елдің Туын тік көтеріп, мәртебесін асыратын, абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.

Мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру мақсатында 2013 жылы Елбасының Жарлығымен 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні болып белгіленіп, міне биыл бұл мерекені төртінші рет атап өтудеміз.

Егеменді еліміз алпауыт мемлекеттермен иық теңестіріп, әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуді жоспарлап отыр, бұл үшін бізге елдігімізді танытатын бірден-бір мықты құрал сіз бен біз ағайын, яғни мемлекеттік қызметкерлер.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлт жоспары-100 нақты қадамды» жүзеге асыруда мемлекеттік қызметті жаңа деңгейге шығарып,                  15 қадамында мемлекеттік аппараттың кәсіби жетілуін атап көрсетті. Ұлт жоспарында көрсетілгендей, мемлкеттік қызметкер әрдайым барлық қойылған талапқа сай болуы қажет. Яғни, бір сөзбен айтқанда мемлкетіміздің бет-бейнесін танытады. Президентіміз бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлерге үлкен сенім артып, тың міндеттер жүктеп отыр.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта