home
home home

Қордай ауданының әкімі Б.Байтөленің 1 наурыз-Алғыс айту мерекесіне орай құттықтау сөзі

Қордай ауданының әкімі Б.Байтөленің 1 наурыз-Алғыс айту мерекесіне орай құттықтау сөзі

 

Құрметті жерлестер!

Қадірменді жиналған қауым!

 

       Баршаңызды бүгінгі көктемнің шуақты алғашқы мерекесі – 1 наурыз-алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Өздеріңізге мәлім, 2016 жылы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасының Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып бекітіліп,  биылғы жылдың көктемінде үшінші рет тойлағалы отырмыз.

Алғыс айту күнi — тарихта орын алған зорлық-зомбылық, қуғын-сүргiн оқиғаларының нәтижесiнде Қазақстанға қоныс аударылған түрлi ұлттың миллиондаған өкiлдерiн құшақ жая қарсы алған қазақ халқына деген шексiз ризашылығы, сондай-ақ, еліміздегі барлық азаматтарының бiр-бiрiне деген сыйластығы, ортақ тарихымызды құрметтеу, өзара көмек пен қолдау күнi.

Дәл осы күні 1995 жылы қазақ халқының санасына бірлік пен тұрақтылық, татулы­қ пен отансүйгіштікті сіңіруді  мақсат еткен  ұйым – Қазақстан халық ассамблеясы құрылған ­болатын. Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке ұлтаралық татулығымызды нығайтып, бірлік-берекемізді арттырып, ынтымағымызды еселей түсетін мереке болатыны анық.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің басты байлығы мен басты жетістігі Қазақстанды мекендейтін халық пен этностардың достығы және бірлігі деп әрдайым айтып жүреді. Өйткені кез келген елдің қуаты – оның халқының бірлігінде.

Еліміз бүгінде әлемінің барлық елдерімен достық қарым-қатынаста, біз мұны зор мақтанышпен айта аламыз. Биылғы жылы еліміз ең алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуде. Бұл ел экономикасының дамуына және іскерлік ынтымақтастықты дамытуға өз септігін тигізері сөзсіз.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта