home
home home

Қордай ауданы әкімі Б.Байтөленің 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Қордай ауданы әкімі Б.Байтөленің 7 мамыр  – Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

 

Құрметті Отан қорғаушылар!

Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл мереке – мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын ұлықтайтын, құрметтейтін  күн.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Тәуелсіз елімізге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Кез келген мемлекет үшін елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы басты орында. Сондықтан да тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылып, мемлекетіміздің шекарасы белгіленіп, әскеріміз жасақталды.

Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері әлемдік стандарттарға сай, ең мықты және заманауи үлгідегі әскери техникамен қаруланған. Осындай жетістікке жету әрине, Елбасы – Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты мен жемісті еңбегінің нәтижесі.

Қазақстан Қарулы Күштерінің алдында халықтар арасындағы бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, Республика аумағының тұтастығын қорғау міндеті тұр. Сондықтанда Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматының алдындағы негізгі міндеті – осы бейбітшілікті, қауіпсіздікті сақтауға өзіндік үлесін қосу.

Елімізде Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында атап өтілетіні бекер емес. Себебі, бұл күн – Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым ететін күн. Бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткізуге жан аямай, жан беріскен ардагерлеріміздің ерліктері қандай құрметке де лайық.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып,  шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасыға ізгілік пен игілік тілеймін.

Туған еліміздің іргесі бүтін, Тәуелсіздіктің Көк байрағы биік, мәртебеміз жоғары, ынтымағымыз ырысты, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта