home
home home

Қордай ауданы әкімі Б.Байтөленің 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған құттықтау сөзі

Қордай ауданы әкімі Б.Байтөленің 1 маусым – балаларды қорғау күніне арналған құттықтау сөзі

 

Қадірменді жиналған көпшілік!

Құрметті балалар, бүлдіршіндер!

 

Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаздың жайдары алғашқы күнінде тойланатын балаларды қорғау күні – ескі халықаралық мерекелердің бірі, бұл мерекені бүкіл әлемде 1950 жылдан бері атап келеді.

Біздің үмітіміз бен мейірімді істеріміз, сүйіспеншілігіміз, қуанышымыз – барлығы бала болашағы үшін. Балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғау,  жан-жақты дамуына, бақытты балалық шағына жағдай жасау біздің ортақ ісіміз.

Балаларды қорғау күні – бұл тек қана көңілді мереке емес, балалардың бақытты болып өсуі, жақсы жағдайда оқуы, өзінің сүйікті ісімен айналысып, болашақта еліміздің құрметті азаматтары болуы және қоғамға қасиетті тұлғалар болып қалыптасуы үшін тәрбиелік маңызы бар.

Бұл балалар үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, балғындарға қамқорлық  көрсету, олардың құқықтарын  қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да басты назарда.

Балаларды қорғау күнін жазғы демалыстың басында мерекелеу – тамаша дәстүр. Жас ұрпақтар үшін бұл әсерлі және жарқын мереке.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта