home
home home

Аудан әкімі Болатбек Байтөленің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді әлемнің барша мұсылмандарының ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Діни төзімділік пен ұлтаралық ынтымақты берік ұстанған Қазақстан халқы үшін адамдарды жақындастырып, ізгілік мен мейірім шуағын төгетін, қашан да бір-біріне кешірімді де қайырымды болуға шақыратын ұлық мейрам – Құрбан айттың маңызы ерекше.

Құрбан айт адамдардың бір-біріне өзара мейірімді, қайырымды болуын насихаттайтын, ізгілік пен имандылыққа үндейтін, ұлт пен ұлысты ұйыстырып, халықтарды жақындастыратын қасиетті мереке.

Тәуелсіздігіміз орнығып, өз алдына ел болғаннан бері Елбасымыздың қолдауымен арнайы демалыс күні беріліп, ресми түрде тойлана бастаған қасиетті мейрам дін бірлігін нығайтуға, рухани жаңаруға, қайырымдылық пен қанағатшылдық, бауырмалдық пен татулық сияқты адамгершілік асыл қасиеттердің қоғамдық өмір салтына айналуына шапағатын тигізуде.

 

Қадірменді мұсылман бауырлар!

Ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашатын, береке мен бірлікті, мейірім мен меймандостықты арттыратын Құрбан айт мерекесі қарсаңында береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін! Алла Тағала барлық дұға-тілектеріңізді, шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін! Жаратқан Иеміз баршамызға нұр-шапағатын жаудырып, бүкіл ел болып бастаған игі істеріміздің жемісін көруге жазсын! Болашағымыз жарқын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Келе жатқан Құрбан айт мерекесі  құтты болсын!

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта