home
home home

Аудан әкімі Болатбек Байтөленің аудан тұрғындарын Рождество мерекесімен құттықтауы

 

Аудан әкімі Болатбек Байтөленің аудан тұрғындарын

Рождество мерекесімен құттықтауы

 

 

Құрметті қордайлықтар!

Баршаңызды православ христиандарының жарқын мерекесі – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!

Рождество мерекесі өзіне тән құнды қасиеттерімен әр шаңыраққа сәулелі шаттық сыйлап, көптеген жандардың жүрегіне сүйіспеншілік пен мейірімділік ұялатты. Мемлекетіміздегі дінаралық келісімнің негізгі тіректерінің біріне айналған Рождествоның аталып өтуі  – қазақстандық әрбір азаматтың рухани ізгілікке деген ұмтылысының айқын айғағы.

Елбасы Н.Назарбаевтың ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді көздеген салиқалы саясатының арқасында еліміздегі түрлі конфессиялардың дамуына мол мүмкіндік жасалып келеді.

Қазіргі таңда православиелік дін еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналған. Сол себепті бұл дін өкілдері еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына, ұлтаралық келісім мен конфессияаралық қатынастардың үндістігіне үлкен үлес қосуда. Мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы игілікті диалогты дамытуда көпұлтты Қордай ауданы жұртшылығының қосқан үлесі зор. Мұнымен қатар, қордайлықтар әлеуметтік-экономикалық салада да толағай табыстарға қол жеткізді.

Құрметті жерлестер!

Рождество қарсаңында туған жерімізде бейбітшілік пен тыныштықтың салтанат құруы, ең алдымен өзімізге байланысты екенін жете түсінесің. Сондықтан, жарқын мереке қарсаңында баршаңызға шын жүректен бақыт, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта