home
home home

Аудан әкімі Б.Байтөленің 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтау сөзі

Аудан әкімі Б.Байтөленің 9 мамыр  – Жеңіс күнімен құттықтау сөзі

 

 

         Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Құрметті жерлестер!

        

Сіздерді өшпес ерліктің мерекесі, қасиетті де қастерлі – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – батыр бабаларымыздың Отанға деген  шынайы махаббатының, халқымыздың беріктігі мен бірлігінің,  қайсар рухы мен жалынды жігерінің арқасында жеткен Ұлы күн.  Сондай-ақ, Жеңіс күні аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бүгінгі Тәуелсіз ел атанып, еліміздің өркендеуі – осынау Ұлы Жеңістің жемісті жалғасы.

Әлемді шарпыған сұрапыл соғыстың аяқталғанына да биыл міне,                          73 жыл толып отыр. Сан мыңдаған боздақтар Отаны үшін жанын аямай, оқ болып атлып, от болып жанды. Қаншама жауынгер ұрыс даласынан елге оралмады.

Барша қазақстандықтармен бірге біздің Қордай өңірінен де Ұлы Отан соғысына oн бір мыңға жуық  ер азаматтар аттанып, туған жерін жаудан азат етуге қатысқан.  Майдан даласынан елге аман қайтқан жауынгерлер түрлі салада қызмет етіп, майдандағы ерлік істерін бейбіт күндегі адал еңбектерімен жалғастырып, елге өлшеусіз қызмет етті.

Қан майданнан оралмаған батыр жерлестеріміздің есімі  мәңгі ұмытылмай, ел есінде,  ал, осы күнге жеткен қазыналы қарттарымыз, ардагерлеріміз әрқашанда мемлекеттің ерекше қамқорлығында. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрмыстық жағдайына үнемі мән беріп келеді. Оларға мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмектің барлығы толықтай көрсетіліп жүр. Әрине, мұндай қолдаулар алдағы уақытта да өзінің заңды жалғасын табатыны сөзсіз.

Осындай батыр бабалары мен ер жүрек батырлары бар қазақ елі – тәуелсіз елде, бейбітшіліктің алтын ордасына айналып, бірлікпен өмір сүріп келеді. Біздің бүгінгі жеткен әрбір жетістігіміз – достығы мен ынтымағы жарасқан көп ұлтты мемлекетіміздің татулығы мен бірлігінде жатыр. Сондықтан да осындай еліміздің ертеңі мен тірегі   – жастар,                          «Достық пен Бірлік» деген бағалы байлығымызды жоғалтпай, батыр бабалардың ізін жалғастырады деген сенімім мол.

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

 

Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы бейбіт күнде өмір сүруде.

Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Одан кейінгі бейбіт күнде де еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер.

Жеңіс күні көңілдеріңізге нұрлы шуағын шашып, жарқын қуаныштар әкелсін. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа жетістіктеріне куә бола беріңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта