home
home home

Аудан әкімі Б.Байтөленің 6 шілде – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай құттықтау сөзі

 

Аудан әкімі Б.Байтөленің  6 шілде – Астана қаласының  20 жылдық мерейтойына орай құттықтау сөзі

 

Құрметті жерлестер!

Ардақты ағайын!

           Баршаңызды келе жатқан бас қаламыз – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

1998 жылы Елбасының кемеңгер шешімімен Еуразия төрінде, Сарыарқаның төсінде заманауи Астана бой көтерді. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақ елінің тәуелсіз ел атанып,  елдің даму жолы мен мемлекеттің қалыптасуын  ойлап, болашағын баянды ету мақсатында қабылданған тарихи шешім болды. Биыл  міне, сәулеті мен дәулеті жарасқан Астана өзінің жиырма жылдығын атап өтуде.

Бүгінде құла даладан өркендеуге бет түзеген, Арқа төсінде сәні мен салтанаты жарасқан, сәулеті талайларды тамсандырған Елордамыз – Тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың жүрегіне, әлем елдері бас қосатын достық мекеніне айналды.

Оған елордамызда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, VII Қысқы Азия ойындары, Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерінің өтуі  толық дәлел бола алады. Халықаралық айтулы оқиғалардың дүбірлі ордасына айналған Астана қаласында өткен жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі жалғастырды. Орталық Азияда, тіпті ТМД елдерінің ешқайсысында да мұндай халықаралық көрменің жалауы желбіреп көрмеген еді. Бұл шара да Астананың әлемдік аренадағы абыройын одан әрі асқақтата түсті.

Осылайша, Астана еліміздің барлық өңірлері үшін дамудың ерекше үлгісін көрсетті. Елордаға қарап бой түзеген, біздің ауданымызда бас қаланың мерейтойын жағымды жаңалықтармен, ізгі бастамалармен қарсы алып отыр. Жамбыл облысында Астана қаласының 20 жылдығына орай ашылған 20 нысанның, 7 нысаны Қордай жерінде бой көтерді. Оның ішінде 4 нысан Әлжан ана ауылында ашылып, үлкен қуаныш орын алды. Ауылдың тарихы мен Әлжан ананың өмірінен сыр шертетін, құнды жәдігерлер сақталған ауылдық музей. Сондай-ақ,  15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, шағын футбол алаңы мен «Қасық» кооперативінің сүт қабылдау бекеті ел игілігіне берілді.

Осындай маңызы зор әлеуметтік нысандармен қатар, Қордай ауылында, 320 көрерменге арналған дене шынықтыру сауықтыру кешені және 165 орындық «Керімбала» балабақшасы мен Бетқайнар ауылындағы 100 орындық «Асыл перзент» жекеменшік балабақшаларының тұсауы кесілді.    Мемлекет болашағының жарқын болуын ойлап, қолдан келген ізгі көмегін көрсетіп жүрген кәсіпкерлеріміздің  арқасында ауданымызда балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесі оң шешімін тауып келеді. Бұл — мемлекет пен жекеменшік әріптестіктің нақты нәтижесі деп ойлаймын.

Осындай ел игілігіне ашылған нысандар – Ұлы Дала төсінде орналасқан еңселі Елордамыз – Астана қаласына киелі Қордай жерінен көрсетілген құрметтің бірі деп білеміз.

Баршаңызды тағы да Бас қаламыздың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Елорда мерекесі қарсаңында отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, толағай табыстар тілеймін.

Туымыз тұғырлы, егемендігіміз еңселі еліміз ғұмырлы болсын! Бас қаламыз гүлдене берсін!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта