home
home home

Аудан әкімі Б.Байтөленің 30- тамыз Конституция күніне орай құттықта

 

 

Құрметті жерлестер!

Қадірменді жиналған қауым!

Баршаңызды егеменді еліміздің төл мерекесі Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз еліміз үшін бұл ерекше мереке. Еліміздің басты Төлқұжаты қабылданып, тарихи таңдау жасалған күн. Бүгінде Ата Заң – бостандық пен тәуелсiздiктiң кепiлi, еліміздің әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзiне айналып отырған құнды құжат. Ата Заңның қағидаттарына сүйене отырып, еліміз бүгінде тұрақты даму жолына түсіп, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында еліміздегі 130-дан астам ұлт өкілдерінің конституциялық құқықтары сақталып, азаматтардың өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін үйренуге және насихаттауға барлық мүмкіндіктер жасалған. Соның арқасында қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық татулық пен келісімге қол жеткіздік. Бұл, тәуелсіз еліміздің басты жетістігі!

Осындай бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекетіміз бүгінде құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас орнатып келеді. Нәтижесінде соңғы жылдары еліміз жаңа жетістіктерге жетіп, экономикамыз алға басып, әлеуетіміз де әлденіп, қоғамымыздың дамуы қарқын алды. Егемендігі баянды, тәуелсіздігі табанды мемлекетке айналдық. Өзге аймақтармен қатар біздің Қордай ауданы да тұрақты даму үстінде.  Тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсарып, жыл сайын әлеуметтік бағдарламаларға – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт салаларына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып келеді. Ұлтаралық татулығымыз нығая түсті.

Құрметті жерлестер!

30 тамыз –  Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын. Елімізге тұрақтылық, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз –  Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта