home
home home

Аудан әкімі Б.Байтөленің аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Б.Байтөленің аудан тұрғындарын

Наурыз мерекесімен құттықтауы

 

 

Ардақты ағайын!

Құрметті қордайлықтар!

 

 

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыз жыл басына санаған  Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамы-  елдік пен бірліктің, ырыс пен молшылықтың мерекесі.  Мыңдаған жылдық тарихы бар бұл мереке –  ұлттық салт-дәстүрлеріміздің қайта жаңғыруына, халықтар достығы мен бауырластығын нығайтуға айрықша ұйытқы болып келеді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңарған Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстан халқы үшін сүйікті мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды.

Бүгінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге елімізде достық пен ынтымақтастық, өзара келісім мен түсіністіктің мықты іргетасы қаланып,  нәтижесінде еліміз әлемдік дағдарысқа қарамастан тұрақты дамып, экономикасы дамыған елдердің қатарынан орын алды. Өткен жылдың өзінде еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болса, биылғы жылы оған төрағалық етудеміз. Сондай-ақ,  ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізген бірінші мемлекет болдық, дүниежүзілік қысқы Универсиаданың алауы біздің елде тұтанды,Осындай жетістіктерді бағындыру Елбасының жүргізіп келе жатқан дана саясатының және  халықтар арасындағы бірліктің нәтижесі деп білемін.

Біздің тату халқымыз Қазақстанның болашағына бұдан да үлкен  сеніммен қарайды. Өйткені алдымызда Ұлтымызға ұлы бағдар болған, еліміздің дамуына серпіліс берген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2050» даму стратегиясы, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары сынды ұзақ мерзімді жоспарлары мен ағымдағы жылы жариялаған төртінші өнеркәсіптік революциялық дәуірге апаратын бастамасынан туындаған міндеттерді абыроймен атқарсақ, алда алар асуларымыз биік болары сөзсіз.

Тарихы терең, мән – мағынасы ерекше бұл мерекені  Қордай ауданының халқы да жыл сайын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуда. 90 жылдық тарихы бар киелі өңірімізде 30 дан астам ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп, бірлікпен еңбек етіп келеді. Осындай мызғымас бірліктің арқасында   ауданымыз өркендеп, экономиканың барлық салаларында даму көрсеткіштері сақталуда.  Ең бастысы – аймақта тұрақтылық,  түсіністік пен азаматтық, достық  келісім бар. Бұл біздің басты жетістігіміз деп білемін.

 

Құрметті жерлестер!

 

Құт – береке бастауы болған көктем мерекесі Сіздерге және отбасыларыңызға ырысы мен байлығын, бақыты мен ынтымағын әкелсін.

Біздің ортақ үйіміз – Егеменді Қазақстанның  гүлденуі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз әрдайым жемісті де баянды болуына тілектеспіз.

Әр отбасында бақыт, табыс, аманшылық болсын.Табиғаттың жаңару кезеңінде тың күшпен жаңа  биіктерге жетейік.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

               Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта