home
home home

рейд Шектеу шеңберінен шықпаған жөн

 

 

 

Қордай ауылында санитарлық талаптарды қадағалайтын мобильдік топ өкілдері тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды жүргізіп келеді. Өткен сейсенбі күні кешкілік уақытта топ мүшелері аудан орталығында бірқатар жұмыстар жүргізді.

Рейд барысында қоғамдық тамақтандыру орындарын аралаған мобилдік топ мүшелері ондағы санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жасады. Дәмхана иелері облыстық бас санитариялық дәрігердің қаулысынан хабардар. Сондағы шектеулер шеңберінен шықпай қызметтерін жалғастыруда. Ғимарат ішінде арнайы бекітілген талаптарды орындап, адам санын шектеп, тамақты жеткізу желісі арқылы жұмыс істейді. Тексеру барысында мобильдік топ өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қаулы талаптары орындалмаған жағдайда айыппұл салынатынын тағы ескертті. Сонымен қатар, санитарлық талаптарға немқұрайлық танытқан бірнеше тұрғынға ескертулер айтылып, жауапкершілік жайы түсіндірілді.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.