home
home home

Рәмізге құрмет – елге құрмет

 

Өткен сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қордай ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жөнінде комиссияның кезекті отырыс өтті. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовтың төрағалығымен өткен жиында ауданның орта және арнаулы орта білім мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді қолдану мониторингінің нәтижелері қаралды.

 

Жиынға комиссия мүшелері, аудандық білім мекемелерінің басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мемлекеттік рәміздерді орнату, қолдану және оларды жою тәртібі арнайы заңмен реттелетіні белгілі. Бұл ең алдымен рәміздерді қолдануды реттеуге септігін тигізу үшін қолға алынған шара. Мемлекеттік рәміздер мемлекеттің мерейі, сондықтан оларды құрметтеу және қадірлеу өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Отырыс барысында «Береке» гуманитарлы-техникалық колледжінің директоры Е.Сүлейманқұлдың бұл бағытта атқарған жұмысы жөніндегі есебі тыңдалды. Баяндамада мекеме басшысы колледжде мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы айтып өтті. Содан кейін «Қордай» гуманитаралы-экономикалық колледжінің директоры К.Андасова осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс туралы баян етті. Өз кезегінде Қордай ауылдық округінің әкімі Б.Сахатов, Қарасай ауылдық округінің әкімі К.Елемесова, Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі Б.Қоңырбаев атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, содан кейін ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Сатымқұл сөз алды. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік рәміздердің қолданылуы стандарттарға сай келуі, аудандық арнаулы орта білім беру мекемелерінде анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік рәміздерге қатысты шаралар өткізу жөнінде тапсырмалар берілді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.