home
home home

Рәміздер ұлықталған күн

 

Елдігіміздің ерекше нышаны, тәуелсіздігіміздің түпкілікті көрінісі мен белгісі болған рәміздер күнін қордайлықтар аудандық Мәдениет үйінде салтанатты түрде атап өтті.

 

Ата Заңымызда арнайы әспеттелген Көк Туымыз бен Елтаңбамыз, айбынды Әнұранымыз әр қазақстандық азаматтың мақтанышы екені анық. Қыраны көкте қалықтаған Тумыз, алтын уығында шаңырағы шарықтаған Елтаңбамыз, қолымызды жүрекке қойып тебіренткен Әнұранымыз ардақталатын мереке барысында алдымен сахнаға әскери азаматтар елдіктің нышандарын алып шықты. Жүргізушілердің жүрекжарды сөздерінен кейін барша жиналған қауымды мерекемен аудан әкімінің орынбасары Болат Саниязов құттықтап, аудан басшысы Болатбек Байтөленің ыстық сәлемін жеткізді. Осыдан кейін құттықтау сөзге аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов шығып, айтулы күннің ерекшелігіне тоқталды. Салтанатты шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына  ұласып, оның шымылдығын аудан өнерпаздарынан құрылған «Ойжайлау» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен ҚР Мәдениет саласының үздігі Қарлығаш Қожағазина ашты. Осы күні оттан ыстық болған Отан туралы патриоттық әндер шырқалып, көрермен көңілінен шықты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта