home
home home

Қызмет алудың оңтайлы жолдары

Қызмет алудың оңтайлы жолдары

 

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру бойынша қыруар жұмыстар атқарылуда. Ондағы мақсат – тұрғындардың өзіне қажетті мемлекеттік қызметті алудағы жұмыстарын жеңілдету, қажетті құжаттарды рәсімдеудің оңды жолдарын қарастыру болып табылады.

 

Осыған орай 29 сәуірде аудан орталығындағы «Үсен ұлы» базарында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен және Қордай ауданы әкімдігі мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің ұйымдастыруымен          «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» жәрмеңкесі өтті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Қордай аудандық бөлімі, аудандық орталық аурухана, аудандық көші-қон полициясы, мемлекеттік кірістер басқармасы және Қордай ауданы әкімдігі бөлімдерінің қатысуымен болған жәрмеңкеге қызығушылар көп болды. Оған базардағы саудагерлер, сатып алушы азаматтарды қоса алғанда жүзден аса адам қатысып, көптеген сұрақтарына жауап алды. Мемлекеттік мекемелердің өкілдері осы күні халыққа көрсетілетін қызметтерді алудың тиімді әрі жеңіл жолдарын насихаттап және ауыл тұрғындарын электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпарат ұсынды. Ауыл тұрғындарына ХҚКО-ға бармай-ақ жұмыс орнында, үйде немесе ауылдық округ әкімі аппараттарында ұйымдастырылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышынан» қызмет алуға болатындығы жеткізілді. Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері базар ішіндегі саудагерлерді аралап, олардың сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет тақырыптарында жадынамалар таратты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.