2020 жылдың 05 қараша күні ауданда «Қыс 2020» Республикалық штабтық «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбындағы арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, «Қазавтожол» ЖШС және аудан әкімдігінің коммуналдық-шаруашылық мекемелерінің дайын-дықтары пысықталды.
Жаттығу «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолында өткізілді.
Аудандық шұғыл әрекет ету жасағының даярлығы және жолға қызмет көрсететін ұйымдардың техникаларының дайындығы тексе-рілді.
Сонымен қатар жолдың қар борау учаскелері, жылыту пункттері, жол қызметтерінің іс-әрекеттері тексерілді.