home
home home

Құрметті «БЖЗҚ» АҚ салымшысы (алушысы)!

 

 

 

«БЖЗҚ» АҚ зейнет жасына толған (ерлер – 63 жас, әйелдер – 59 жас) және «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалардың, оның ішінде егер Сіз бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін алушы болсаңыз және «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушы болмасаңыз, «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы бар екенін хабарлайды.

Сіздің «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарыңыздың бар екенін, ал зейнетақы төлемдерінің алушы өтініш берген күннен бастап белгіленетінін және зейнетақы жинақтары таусылғанша төленетінін[1] ескеріп, оның ішінде зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияға[2] өтініш білдіруіңізді сұраймыз.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін әрі қарай дамыту бағыттары бойынша заңнамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына төмендегідей өзгеріс енгізіліп, оның 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенін хабарлаймыз:

  • әйелдердің зейнет жасын кезеңді түрде ұлғайту:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жас; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жас;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жас; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жас;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жас; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жас;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас;

  • міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерін:

белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде;

өтініш білдірген күні алушылардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаған (2019 жылы – 433 296 теңге = 12 * 36 108) жағдайда бірден жүзеге асыру[3];

«БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібін өзгерту, бұған сай «БЖЗҚ» АҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөрістің кемінде 54 пайызы болады (2019 жылы – 16 036,92 теңге = 54% * 29 698).

 

 

[1]Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013ж. № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағы

[2] «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

[3]«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 30-бабы


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта