home
home home

Қуатты Қазақстан – қуатты кәсіп Қордай – даму дағдысында

 

Жамбыл облысы әкімдігінде өткен кезекті жиында Қордай ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері қаралды.

 

Аудан әкімі Рүстем Дәулет жалпы сомасы 35,1 миллиард теңгені құрайтын 392 жобаның 366 нысанында жұмыс аяқталғанын жеткізді. Қалған нысандар жыл соңына дейін аяқталмақ. 4627 жұмыс орны құрылды.

– Жобалар «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – Ел бесігі», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. Мектептер, тұрғын үйлер, мәдени және спорт мекемелері, денсаулық сақтау нысандары, жолдар салынуда, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар тартылып, ауылдар газ және су жүйелеріне қосылуда, – деді Р.Дәулет.

7,4 шақырым жаңа автомобиль жолдары салынып, 343,6 шақырым жол жөнделген. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 90 пайызға, ал ауылішілік көшелердікі 75 пайызға жетті.

Тоғыз ауылда (Қаракемер, Масанчи, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты, Қордай, Әлжан ана, Қарасай, Еңбек) көшелер асфальтталып, 373 жол белгісі орнатылды. Жол-көлік оқиғаларының саны 39,7 пайызға азайды.

– Баспана мәселесі де шешімін табуда. Аудан бойынша 1524 тұрғын үй кезегінде тұр десек, бес көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген. Тағы екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында тағы 15 үй салынуда, – деді Р. Дәулет.

Жалпы сомасы 1,3 миллиард теңгеге төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Ауылдарда жеті спорттық және сегіз ойын алаңдары орнатылған.

– Ауданда үш білім беру мекемесі салынуда. Апатты мектептер мен оқушы орындарының тапшылығы мәселесі толығымен шешілетін болады, – деді ол.

Төрт мектеп және үш денсаулық сақтау мекемесі күрделі жөндеуден өтті.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев 22 ауылда газбен қамту жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Бүгінгі таңда 10 ауылға магистральды газ құбыры тартылуда десек, Қарасу мен Өтеген ауылдары көгілдір отынға қосылып үлгерді. Қалған сегіз ауылда ауылішілік желілер тартылуда.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.