home
home home

Қордайдағы мерекелік шеру

 

 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін қордайлықтар ауқымды көлемде ұйымдастырды. Аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының ұйытқы болуымен өткен мерекелік іс-шара орталық алаңнан бастау алды.

 

Түрлі байқаулар мен өнер додаларының жеңімпаздарының концерттік бағдарламасы қойылып, одан кейін Қордай ауылында орналасқан мектеп балаларының шеруі басталды. Әр мектеп орталық алаңнан шерумен өтіп, көрермендер тұсына келгенде түрлі билері мен әндерін орындаса, сахнадан жүргізушілер аталмыш мектептің білім мен өнерде, спортта жеткен жетістіктері, топ жарып жүрген жеткіншектері туралы баяндап отырды. Бұл кезде аудандық орталық саябақта балалар арасында асфалтьқа сурет салудан байқау басталып, сонымен қатар БЖШО мен Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебінің бірлескен концерттік бағдарламасы көпшілікке ұсынылды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта