home
home home

Қордай ауданының әкімі Р.Дәулеттің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтау сөзі!

Қордай ауданының әкімі Р.Дәулеттің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтау сөзі!

Құрметті аналар, қадірменді асыл жандар, аяулы қарындастар!
Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Жыл сайын көктеммен бірге келіп, жылулық пен қуаныш сыйлайтын бұл мерекенің қоғамда алар орны ерекше. «Жер бетіндегі асыл қасиет күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Себебі, табиғат тіршілігі көктемнен бастау алса, адамзат өмірінің бастауын ардақты анадан алады. Сондықтан да ананың есімін ұлықтап, әрқашанда оны биікте ұстау азаматтық парызымыз деп білемін.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ұйытып қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің белсенді мүшесі болып табылады. Қай салада болмасын әйел затының аялы алақаны сезіледі. Мықты басшы, білікті маман, табысты кәсіпкер болып ер азаматтармен тең қызмет атқарып келеді. Сондай-ақ, алтын құрсақ аналарымыздың жолын жалғастырып келе жатқан жас аналарымызда баршылық.
Осындай туған жерінің қоғамдық- саяси өмірі мен әлеуметтік – экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып жүрген әйел азаматшалар біздің ауданымызда көптеп кездеседі. Бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің 45 %, білім беру саласының 83 %, денсаулық саласының 90% әйел азаматтар құрап отыр. Міне, өңіріміздегі халыққа қызмет көрсететін басты әлеуметтік сала бойынша мекемелерде басым көпшілігі әйел азаматшалар еңбек етуде.
Елімізде қашанда әйел затының еңбегін жоғары бағалап, көпбалалы аналарға қамқорлықты жыл сайын күшейтіп келеді. Оған еліміздегі ана мен баланы қорғау шараларының қолға алынуы, әлеуметтік жағдайларына байланысты жәрдемақылардың көбейюі бірден-бір дәлел болып табылады. Бүгінде біздің ауданымызда 8 мыңнан нан астам көп балалар аналар болса, олардың ішінде 2653 ана «Алтын алқа», «Күміс алқа» құрметті төсбелгілерінің иегерлері. Ардақты аналарымыздың дүниеге сәби әкеліп, жас ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбегін біз ерекше құрметтейміз.
Құрметті арулар!
Туған Отанымыздың әрбір шаңырағы берік болып, еліміздегі бірлік пен берекені сақтауда, мемлекетіміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеудегі Сіздердің қосқан үлес


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта