home
home home

Қордай ауданының әкімі Р.Дәулеттің 1 наурыз-Алғыс айту мерекесіне орай құттықтау сөзі!

Қордай ауданының әкімі Р.Дәулеттің 1 наурыз-Алғыс айту мерекесіне орай құттықтау сөзі!

Құрметті жерлестер! Баршаңызды көктемнің шуақты алғашқы мерекесі – 1 наурыз-алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күн – біз үшін жыл бойы атқарған еңбектерімізбен және жасаған жақсылықтарымызбен маңызды. Әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін рахмет-ризашылығын білдіретін күн. Бұл күн – тағдыр  тәлкегімен Қазақстанға еріксіз қоныс аударылған түрлі этностардың байтақ қазақ жері мен дархан қазақ халқына терең тағзымының белгісі.
Дәл осы күні 1995 жылы қазақ халқының санасына бірлік пен тұрақтылық, татулық пен отансүйгіштікті сіңіруді мақсат еткен ұйым – Қазақстан халық ассамблеясы құрылған болатын. Бүгінде Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке ұлтаралық татулығымызды нығайтып, бірлік-берекемізді арттырып, ынтымағымызды еселей түсетін айтулы күндердің біріне айналды. Биыл міне, ұлтаралық береке мен бірліктің тірегіне айналған аталмыш ұйымның құрылғанына 25 жыл.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің басты байлығы мен басты жетістігі Қазақстанды мекендейтін халық пен этностардың достығы және бірлігі деп әрдайым айтып жүреді. Өйткені кез келген елдің қуаты – оның халқының бірлігінде.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта