home
home home

Қордай ауданының әкімі Б.Байтөленің 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай құттықтау сөзі

Құрметті жерлестер! ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Баршаңызды бүгінгі 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын.​
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бұл күн барша қазақстандықтар үшін патриоттық пен намыстың мерекесі! Себебі, Ту, Елтаңба және Гимн өз мемлекеттілігін ғасырлар бойы аңсаған азат ұлттың орындалған арманының белгісі. Сондықтан да әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор, орны айрықша.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, елдің тарихы мен құндылығын әлемге танытар Елтаңбамызбен және елдің паттриоттық сезімін оятып, рухын көтеретін ​ Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бүгінде мемлекеттік нышандарымыз еліміздің басты символдарына айналып, көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық беделді ұйымдарда желбіреп, дүниежүзілік олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жеңіске жеткен кезде Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады. Мұндай тарихи сәттерге өздеріңіз үнемі куә болып жүрсіздер.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттың салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер», – деген еді. Демек, мемлекеттік рәміздер – біздің мемлекетіміздің бет-бейнесі ғана емес, оның тарихы және әрбір адамның өз еліне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Сондықтан, біздің мемлекеттік рәміздеріміз тарихтың тереңінен сыр тартып, бүгінгі азат елдің асқақ келбетін айшықтайды.
Құрметті жерлестер! ​ ​ ​ ​ ​ ​ Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болу үшін біз өз елімізді, туған жеріміз бен Отанымызды ардақ тұтуымыз қажет. Оның ең алғашқы қадамы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады.«Туы биік елдің – тұғыры биік» деген дана халқымыз. Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта