home
home home

Қордай ауданының әкімі Б.Байтөленің 1 желтоқсан – ҚР  Тұңғыш Президенті  күнімен құттықтауы

Қордай ауданының әкімі Б.Байтөленің 1 желтоқсан –

ҚР  Тұңғыш Президенті  күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Қадірменді ағайын!

Баршаңызды келе жатқан 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – егемен елдің іргетасын қалаушы, ата-бабалардың  ғасырлар бойы аңсаған елдің тәуелсіздігі  мен халықтың  бейбіт өмірін ақиқатқа айналдырған ұлы тұлға,  қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне белгіленген күн.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында   еліміз  қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерген сәтте халықтың көңіліне сенім ұялатқан Елбасының ерен еңбегі өлшеусіз. Сондықтан бұл мереке – тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, тарихи тағылымы терең мереке.  Бүгінде Қазақстан  іргесі қаланған, дамуға бет алған  ірі мемлекетке айналды.  Қай сала болмасын қарыштап дамып, әлеуметтік-экономикалық, мәдени жетістіктерімен дараланып, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын, «Болашақ», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары мен басқа да тарихи маңызы зор құжаттарын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басуда. Бұл, әрине, мемлекет басшысының  көрегенді саясатының арқасы, сондықтан еліміздің жеткен әрбір жетістігі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты!

Даму мен өрлеу жолына бет алған еліміздің басқа аймақтарымен қатар киелі Қордай өңірі де айтарлықтай табыстарға жетіп келеді. Бүгінде қордайлықтардың өмір сүру деңгейі жыл өткен сайын жақсарып келеді деп сеніммен айта аламыз. Оған аудандағы экономика мен әлеуметтік саланың тұрақты дамуы,  жаңа өндіріс орындарының ашылуы, тұрғын үйлер және мектептер мен балабақшалардың бой көтеруі бірден-бір дәлел.  Тек өткен жылдың өзінде Көктөбе және Соғанды ауылдарында жаңа мектеп ғимараты оқу жылында қолданысқа берілсе, ағымдағы жылы Қордай, Қаракемер, Қайнар ауылдарындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бірқатар ауылдық округтердің білім беру ошақтарындағы орын тапшылығы мәселесі өз шешімін табуда. Ағымдағы жылы Қалғұты және Күнбатыс ауылдарында  жаңа мектептің құрылыс жұмыстары бас-талып, келесі жылы жаңа оқу жылында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда «Цифр-лы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында IT-қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр. Осыған орай, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өңір кітапханаларының қоғамдағы кеңістігін дамыту, оларды үздіксіз өзгеріп отырған шарттарға бейімдеу мақсатында аудандық орталық кітапханаға қарасты ауылдық кітапханаларда цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылуда. Осындай орталық өткен жылы Қордай және Әлжан ана ауылдарында ашылса, ағымдағы жылы 11 ауылда ашылып, бүгінгі күні аудан тұрғындарына e.gov.kz порталы мен «cao-zhambyl.kz» сайты арқылы мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілуде. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында ауданда бірқатар нысан – Қордай, Қызылсай  ауылдарында 2  жекеменшік балабақша және Бәйтерек, Қызылсай, Мұзбел, Кенен, Қалғұты  ауылдарында мемлекеттік әлеуметтік серіктестік негізінде  медицина нысандарының салтанатты  ашылуы өтеді.

Құрметті қордайлықтар!

Маңызы зор мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Туған жеріміз гүлденіп, бейбітшілік пен татулықта еліміз дами берсін!


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта